Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ұлттық банк, зейнетақы ақшасынан қолыңды тарт!” – Ораз Жандосов

Бұл туралы “Ракурс” экономикалық сараптау орталығының директоры Ораз Жандосов LS басылымына берген сұқбатында айтты. Оның пікірінше,

Ұлттық банк, ең алдымен, банк секторына барлық назарын бұрып, осындағы мәселелер шешіміне бас ауыртуы тиіс.

“Мен Ұлттық банктен Қаржылық қадағау агенттігінің бөлініп шығуын қалайтын адамның бірімін. Бұл – агенттік мықты әрі қажетті мекеме. Оны қосып жіберді, меніңше, оны қайтадан қалпына келтіру керек. Өйткені Ұлттық банкке қазір жүктеліп отырған міндет онсыз да көп. Оның зейнетақы ақшасын басқаруға қақы да жоқ”, – дейді ол.

Алайда Ораз Жандосовтың айтуынша,

Ұлттық банктен аталған агенттіктің бөлініп шығуы дәл қазір мүмкін емес. Өйткені Ұлттық банк қолына алған реформаны әлі соңына жеткізген жоқ.

Tengri Capital MB активтерді басқару жөніндегі басшысы Әнуар Үшбаев Ұлттық банк онсыз да осындай бағытта келе жатқанын айтады.

– Ұлттық банк өзінің құзіреттерін бөліп беретін болады. Жоспар бойынша олар соған келе жатыр. Әйтпесе Ұлттық банктің мойнына артылған жұмыс тым көп, – дейді ол.

Еске сала кетелік, Қазақстанда 2004 жылы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігі құрылған болатын. Агенттіктің мақсаты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, еліміздің қаржы жүйесіне деген сенімді қолдау болып табылды. 2011 жылы сәуірде Елбасы бұл агенттікті Ұлттық банк құрамына қосып жіберген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз