Bloomberg Қазақстанның ұлттық валютасының еркін айналым режимі ойдан шығарылған әңгіме деген қорытындыға келді.
Вloomberg хабарлауынша, Ұлттық Банк жолданған сауалдарға бірден жауап берген жоқ, бірақ 9 қазанда электрондық пошта арқылы оның шешімдері теңгенің нақты айырбас бағамына немесе сауда-саттық көлеміне байланысты емес екенін хабарлады.
Алайда күмәндануға жеткілікті себеп бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айында Ұлттық Банк басшысы Ерболат Досаевқа теңгенің тұрақтылығы маңызды екенін және
құбылмалылықты болдырмау үшін қажетті шаралар қабылдау керегін айтты
Бұл коронавирусқа байланысты екі рет енгізілген шектеу шаралары мен соңғы екі онжылдықтағы алғашқы рецессияға байланысты қоғамдық наразылықтың қызуын азайту әрекеті деп түсіндіруге болады.
«Теңгенің Қазақстанда саяси мәні бар», — деді Лондондағы Prism polit Risk Management талдаушысы Кейт Маллинсон.
«Егер Қазақстанда валютаның еркін саудасына қойылған шектеулер алынып тасталса, бұл теңгенің құлдырауын тездетуі мүмкін, бұл халық арасында толқуларға әкелуі мүмкін»
Шетел валютасына сұраныс жоғары болған кезде, кредиторлар банкаралық нарыққа көшуге мәжбүр болса, теңге ұлттық биржаға қарағанда неғұрлым төмен деңгейде саудаланады, деп мәлімдеді Вloomberg-ге жоғарыдағы төрт адам.
Қазақстандағы ең ірі кредитор Халық банкінің бас атқарушы директоры Үміт Шаяхметова қыркүйек айындағы онлайн-конференцияда ашықтықтың жоқтығын сынға алды. Ол реттеуші тарапынан валюта нарығының микроменеджменті көптеген нарықтық тетікті бұрмалайды және инфляцияға ықпал етуі мүмкін деп мәлімдеді.
Наурызда Үкімет доллар сатып алу шарттарын қатаңдата бастады. Атап айтқанда, жергілікті компаниялар растау құжаттарынсыз күніне сатып ала алатын соманың көлемі екі есе (50 мың долларға дейін) қысқарды. Мемлекеттік кәсіпорындарды өздерінің экспорттық кірістерінің бір бөлігін сатуға міндеттеді.
Теңге әдетте рубль бағамының ауытқуларын қайталайды өйткені Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі болып табылады. Бұл ретте екі ел де ірі мұнай экспорттаушылары.
Қазақстан валютасы биылғы жылы долларға қатысты 10%-ға әлсіреді. Ресей рублі 18%-ын жоғалтты. Айырмашылықты өспелі кірістерді төлеу үшін Қазақстан өзінің мұнай қорынан $8 млрд-ты $56 млрд-қа сатқандығымен түсіндіруге болады, өз кезегінде Ресей негізінен борыштық міндеттемелерді тартты.