Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Тегін жоғары білім: хаос па әлде әлеуметтік әділеттілік пе?

343
Сурет: baq.kz

Жақында Студенттер Альянсының белсенді жастарымен өткен кездесуде ҚазМЗУ басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Қазақстандағы жоғары білімді барлығына тегін ету керегін мәлімдеді.

«Менің ойымша, студент жоғары білім үшін ақы төлемеуі керек. Оқу ақысы төмен немесе ол қай жерде оқып жатқанын түсінуі үшін Еуропадағыдай шартты мөлшерде ғана болуы керек. Бұрын біз Еуропадағы жоғары білімнің арзандығына  таң қалатынбыз. Мысалы, Испанияда бір жылдық оқу шамамен мың еуроны құрайды. Ал кейбір қазақстандық жоғары оқу орындарының бағасы Испандықтарға қарағанда әлдеқайда жоғары», — деді ҚазМЗУ басшысы.

Оның айтуынша, қазақстандық ЖОО-ларда студентке клиент ретінде қарайды. Дегенмен, университет клиенті студент емес, жұмыс беруші. Өйткені, еңбек нарығында жұмыс берушілерге сапалы мамандар, бәсекеге қабілетті түлектер қажет.

Барлығы үйренуде

Бұл жаңа идея емес және дәлелдері де түсінікті. Алайда, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов барлығына әділ көзбен, мемлекеттің мұндай жүкті көтере алу қабілеті тұрғысынан қарау керек деп санайды.

— Бұл мұндай алғашқы ұсыныс емес, — дейді Алшанов. — Депутат Ирина Смирнова осындай идеяны ұсынған еді. Шын мәнінде, идеяның бастамашылары айтқан біздің еліміз бен Еуропаның мүмкіндіктері әртүрлі. Мамандықтар бойынша кәсіптік білім де тегін. Қазір бізде барлығы объективті түрде жоғары білім алғысы келеді. Егер ол тегін болса,

барлығы ЖОО-да оқуға ұмтылады. Барлығын оқытуға материалдық база бар ма? Әрине жоқ

Оқу корпустарының саны жеткіліксіз.

Бірінші кезекте тілек білдірушілер қайда барады? Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарына. Мысалы ҚазҰУ-да  бүгінде оқу төрт ауысыммен жүргізілуде.

Жағдайға әділ баға беру керек.

Қазақстанда жоғары білім туралы дипломның болуы — бір дәстүр, ал Еуропада барлығы бірдей жоғары оқу орындарында оқымайды

Олар жақсы жұмысқа орналасу үшін білім алады.

Дегенмен Қазақстанда тегін жоғары білім алу — грантқа түсу мүмкіндігі бар.

— Дұрыс айтасыз. Мемлекет өзінің қажеттілігіне қарай 53 мың білім грантын береді. Бұл да аз емес.

ЖОО-лар тұншығуда

— Неліктен 55 немесе 52 емес, 53 мың?

— Себебі, мемлекеттің бағалауы бойынша одан көп маман керек емес. Өйткені, оқыту кейбір альтруистік мемлекеттік мотивтерден емес, салалардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.

Рахман Алшанов, Дереккөзі: new.turan-edu.kz

 

Барлығын тегін оқыту деген нені білдіреді? Жалпыға бірдей жоғары білім беру — қате үрдіс. Егер сіз сол Еуропаның тәжірибесіне жүгінетін болсаңыз, онда университеттер студенттерді түрлі айламен ЖОО-ға шақырып, олардың ішінен таланттыларын іздеуге мәжбүр болады. Соңғы курста оқуға түскендердің төрттен бір бөлігі қалуы мүмкін.  Онда  бірінші курсқа барлығын қабылдай береді, бірақ екінші курста  университен аяусыз шығара бастайды. Соңғы курста түсушілердің жалпы санының  төрттен бір бөлігі қалуы мүмкін.

Біздікілер де осы тәжірибеге сүйенуді ұсынады: яғни студенттің ары қарай оқуға сәйкес келетінін анықтайтын қатаң критерийлер бекіту. Бірақ оның еш мәні болмайды. Себебі көптеген талантты балалар материалдық мүмкіндіктердің жоқтығынан жоғары білім алудан тыс қалады.

— Иә, бірақ бұл жүйеде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері де бар.

— Дәл солай. Сонымен, Қазақстанда тегін жоғары білім беру туралы мәселе мәңгі талқылануы мүмкін. Бірақ біз бәріне осындай мүмкіндік бере аламыз ба, сол туралы ойлану керек.

Егер жауап оң болса, бірден  оқу ғимараттарының санының жеткіліксіздігі мәселе туындайды. Барлық жоғары оқу орындары қазір тұншығып отыр. Мемлекеттік оқу орындарында орын жоқ. Енді баракта оқытпаймыз ғой.

Айтпақшы, жеке университеттерде де оқу ғимараттары жетіспейді. Біз Шымкентте болдық, онда тіпті жеке университеттерде де 12 мың адам оқиды

Екінші мәселе: оқу алаңдарын салуды кім қолға алады? Егер жоғары білім тегін болса  университеттер табысынан айырылады. Ал бұл ұзақ уақытқа созылатын, ақталмайтын инвестиция.

Альтруизмнің уақыты емес

— Студенттер шартты мөлшерде ақша төлейтін болса, онда жоғары оқу орындарында қандай табыс көзі болады?

— Қазір жүйе әділ құрылған. Дарынды жастар грант ұтып алып, тегін оқи алады. Мүмкіндігі барлар ақылы негізде оқиды.

Әңгіме қандай да бір әлеуметтік жоба туралы емес, кәсіби білім туралы болып отыр. Мемлекет ертең  өз саласында керексіз болып қалатын адамдарды емес, мамандарды дайындау керек.

Егер  орташа студент туралы айтатын болсақ,  жоғары білім беруде олардың ең төменгі кәсіби талаптарға сай болуына басымдық беру керек

Сіз болашақ мамандарды кәсіби мамандар оқытуы керек дегенде дұрыс айттыңыз. Қазір еліміздің жоғары оқу орындарында 400 мың адам оқиды. Егер ертең миллион болса, онда біз оларды оқытатын мұғалімді қайдан табамыз?

Егер мемлекет университетке оқытушылардың жалақысына жұмсалатын шығынды, ал студенттер шартты түрде ақша төлейтін болса,  ЖОО-лар өздерінің дамуына арналған қаражатты қайдан алады? Мен материалдық база, ақпараттандыру, бағдарламалық жасақтаманы сатып алу туралы айтып отырмын. Оларға аз ақша кетпейді.

Мемлекет болашақ мамандарға салған инвестициясы үшін дивидендтер алуға тиіс. Ақыр соңында ЖОО-ға дипломы бар деген белгі үшін түсетін адамдардың саны көбейіп кетпей ме?

— Білім алушылар контингенті неғұрлым көп болса, тәуекел де соғұрлым жоғары болады. Осы альтруистік идеялардың көбі керемет көрінеді. Бірақ қазіргі мұғалімдер мен дәрігерлердің еңбегіне ақы төлеуге бюджет қаражатының жетіспеушілігі жағдайында қосымша жүктеменің аса қажеті жоқ. Мемлекет байып немесе жағдай өзгерген кезде, бұл тақырыпты көтеруге болатын шығар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз