Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ұлттық банк «7-20-25» негізінде автонесиелеу жүргізуді ұсынды

102
24kz

Ұлттық банк несие шарттарын жеңілдету арқылы отандық автоөндіріс өнімдеріне сұранысты арттыруға ниетті. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Бұл туралы Inform.kz хабарлайды.

2019 жылы Ұлттық банк Қазақстан азаматтары отандық көлікті сатып ала алатындай жедел түрде бағдарлама әзірлеп, несие беруге дайын отыр. Бағдарлама нарықтың қағидаттарына сай түзіледі. Банктер арқылы «7-20-25» бағдарламасының үлгісіне сүйене отырып жұмыс жүргізу жоспарлануда», – деді Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, көлік құрастыру саласы құрылыс саласы секілді жоғары технологиялық, экономикаға мультипликативтік қайтарымы бар, капиталы ауқымды сала.

Елбасы бұл бастамаға қолдау білдіретінін айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз