Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Үлкейттім”. Әсел Асқар көптен бергі арманының орындалғанын айтып мақтанды

936

Актриса төсін үлкейтіп алғаны туралы хабарды бірінші болып өз оқырмандарымен бөліскен.

Әсел бұл маңызды қадамға бармас бұрын, алдымен отаның жақсы және жаман тұстарын таразыға салғанын жеткізді.

Ота жасатуға ұзақ уақыт бойы қорқып жүрген ол ақыр-соңы омырауын үлкейтуге шешім қабылдаған.

«Санын жарқыратып». Желіге «сексуалды» суреттерін жүктеген Әсел Асқар елді дүрліктірді

“Менің өмірімде шешімдер аяқ асты қабылданып жатады. Бұл жолы да осылай болды. Мен бәрін тексеріп барып жасайтын адаммын.

Сол себепті маммопластиканы істетпес бұрын, біраз толғандым. Жақсы және жаман жақтарын да қарадым.

Мен “мұның қажеті не?”, “жасанды қуыршақ”, “еріккеннің ісі” деген сынды пікірлерді жиі еститінмін. Әрине өзімді рухани жағынан дамытқанымыз жөн.

Бірақ, ішкі жан-дүниеміздің басып бөлігі біздің сыртқы бейнемізге де байланысты екенін ұмытпауымыз керек. Мәселен, өз-өзіне ұнамау мыңдаған кемшіліктерге, тіпті өз-өзіңнен ұялатындай жағдайға әкеп соқтырып жатады.

«Шаруаларың болмасын». Айқын Төлепберген жеке өмірін қазбалай бермеуді өтінді

Қымбатты қыздар, егер қандай да бір өзгерістер сізге сенімділік әкелеріне көзіңіз жетіп тұрса, ешкімді тыңдамай өз қалауыңызды жасаңыздар!

Басқалар айтқысы келгенін айта берсін. Шешімді қабылдайтын бұл жерде жалғыз адам. Ол – сіз!

Қысқасы менің асыл армандарымның бірі орындалды. Енді төсті үлкейтіп тұратын төстарқыштардан құтылатын болдым. Мен биоимпланттар салдырдым. Оларды ұстап көрсең, шынайы сияқты” , – деді Әсел Асқар.

«Көтересің». Бала сүйе алмай жүрген келіншектер емшілердің алдайтынын айтуда

Оның бұл жазбасы оқырмандары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік актрисаның әрекетін құптамайтынын жеткізді.

Желі қолданушылары Әселді шынайылыққа шақырып, табиғи сұлулыққа ештеңе жетпейтінін жарыса жазды.

Десе де, Бүркіттің қарындасын қолдаған жандар да табылып жатыр. Олар әркім өз өмірі және істеген әрекеттері үшін өзі ғана жауап беретінін алға тартты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз