Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Шаруаларың болмасын”. Айқын Төлепберген жеке өмірін қазбалай бермеуді өтінді

478

Бұл туралы Stan.kz “Гәкку” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

“Бұл жолы бейнебаян түсіру үшін Ерболат Беделханға хабарластым. Себебі маған оның оның жұмыстары ұнады”, – дейді Айқын.

Айқынның Жұлдызға арналған әні “Ты моя” деп аталады.

“Бейнебаянда басты рөлді сомдаған – Жұлдыз Өмірғали. Ән жазылған кезде де Жұлдыз туралы жазылған болатын”, – дейді Төлепберген.

«А кто не бабник?». Айқын Төлепберген ағынан жарылды

Соңғы жылы жеке өміріне қатысты халықтың біраз сынына қалған Айқын елден өткен өмірін қазбалай бермеуді өтінді.

“Жазылмаған жараның бетін тырнай берудің қажеті жоқ. Жеке өміріме қатысты көп айтпай-ақ қояйын, одан да жеке өмірім туралы әндер жазып, бейнебаян арқылы жеткізейін.

Кеше ғана Фредди Меркьюридің “Богемская рапсодия” деген киносын көріп шықтым. Ол жерде де Фредди: – Біз әншіміз, біздің өнерімізді сыйласын, жеке өмірімде шаруаларың болмасын, – деді”, – дейді Айқын.

«Бала көтергесін некеге тұрдық». Айқын Жұлдыз туралы бәрін айтты (видео)

Әйткенмен, Айқын халықтан кешірім сұрауды да ұмытпады.

“Кешіріңіздер, менің жеке өмірім маған ғана қатысты. Ал шығармашылығыммен бөлісуге сондай шешім қабылдадым. Жұлдыз туралы енді бәрі біледі. Сондықтан бейнебаянға түсіруге шешім қабылдадым”, – дейді Айқын.

«Вагон аралап». Қайрат Түнтеков өзі туралы кино түсіріп жатқанын айтты

Еске сала кетейік, бұған дейін Жұлдыз Өмірғали ел алдына шығып, Айқынмен қарым-қатынасы туралы өз шындығын айтқан еді. Өмірғали Төлепбергенмен кездесе бастаған кезде оның отбасылы екенін білмегенін мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз