Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық кеңестер қандай істерге атсалысып жатыр?

235

ҚР Ақпарат және коғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Ақпараттандырудың инновациялық әдістері халықпен жұмыс технологиясы ретінде» мемлекеттік гранты аясында «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі еліміздегі үш мегаполисте үкіметтік ұйымдардың және қоғамдық кеңестердің қандай істерге атсалысып жатқанын сауал арқылы сұрап білді.

Шілде-тамыз айларында жіберліген ресми сауалдар қорытындысы бойынша, Алматыда 4 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Ол республикадағы ҮЕҰ жалпы санының 20%-дан астамын құрайды. Қазақстан бойынша ҮЕҰ саны 19 мыңнан асады.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі соңғы 5 жылда 3 есеге артып, 2,8 млрд теңгені құрады. Әлеуметтік жобалардың негізгі тапсырыс берушілері – Қоғамдық даму, Әлеуметтік әл-ауқат және Денсаулық сақтау және Жасыл экономика басқармалары.

2019 жылы Алматы қаласы әкімдігі 84 әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жобалардың тақырыптары — Мемлекет басшысының стратегиялық құжаттарын түсіндіру, мүгедектер, оралмандар, зейнеткерлер және түрмеден босатылған адамдардың әлеуметтік бейімделуі, терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, жастар бастамаларын қолдау, әйелдер көшбасшылығы мектептері мен ҮЕҰ-ды дамыту, салауатты өмір салтын ұстану, отбасылық құндылықтарды насихаттау және т.б.

Қазіргі уақытта республикада 231 қоғамдық кеңес жұмыс істейтіні, оның ішінде: республикалық деңгейде – 15; облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының деңгейінде – 17; қалалар мен аудандар деңгейінде – 199 кеңес бары анықталды.

Еске салайық, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының 99 қадамын жүзеге асыру аясында 2015 жылғы 2 қарашада «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңы қабылданды, республика бойынша қоғамдық кеңестер құрылды.

Кеңестер қызметіне азаматтық қоғам институттарының 2479 өкілі қатысады, бұл республика бойынша орташа алғанда жалпы санның 69%-ын құрайды. Әйелдердің кеңестер қызметіне қатысу пайызы ағымдағы жылы 2%-ға артып, 29%-ды құрады (2018 ж. – 27%).

Қоғамдық кеңестерді одан әрі жетілдіру және тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің қызметінде анықталған мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі заң жобасын әзірледі.

Заң жобасымен қоғамдық кеңестерді ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, сапа және сандық құрамын жақсарту бойынша маңызды мәселелер қамтылды. Ұсынылып отырған түзетулер олардың қызметінің басты мақсаты – азаматтық қоғамның пікірін білдіру және мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына қатысу мақсатында одан әрі жұмыс істеу үшін қоғамдық кеңестерге қажетті жағдайлар жасайды.

Сонымен қатар, 2019 жылғы шілде айында Қазақстанда 945 қайырымдылық ұйым тіркелген, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 20%-ға (228 ұйым) аз. Қазақстанда жұмыс істейтін қайырымдылық ұйымдарының әлеуметтік жұмысының ауқымы кең.

Қайырымдылық ұйымдары арқылы қайырымдылық инвестицияларының көлемі 2018 жылы 177 млрд теңгені құрады. Негізінен қаржыландыру инфрақұрылымдық жобаларға, білім беруді, денсаулық сақтауды, мәдениетті, спортты дамытуға, балалар үйлерін қамқорлыққа, әлеуметтік осал топтарға және т. б. көмек көрсетуге бағытталған.

Елдің 1352 меценат туған жеріне 38 млрд теңге сомасында көмек көрсетті. Бұл қаражатқа спорт ғимараттары, мектептер мен медициналық мекемелер салынып, жөнделді, түрлі көмек көрсетілді, әлеуметтік маңызды жобалар қаржыландырылды.
Облыстар, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің деректері бойынша өңірлерде қайырымдылық қорлары да халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сондай-ақ, елдегі үкіметтік емес ұйымдар бойынша толық ақпарат ҮЕҰ дерекқорында (www.infonpo.kz) ашық режимде қолжетімді екенін назарыңызға жеткіземіз. ҮЕҰ-ға қатысты аумақ, есептік кезең, бағыт және т.б. көрсеткіштер бойынша ақпаратты www.infonpo.kz веб-порталында алуға болатынын хабарлаймыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз