Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Үкімет басшысы Елбасы Жарлығына сәйкес министрліктерге бірқатар тапсырма берді

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы белгілеген міндеттерді іске асыру аясында жауапты мемлекеттік органдарға және әкімдіктерге “Нұрлы Жол” мемлекеттік бағдарламасы бойынша қаражаттарды игеру мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе білім беру нысандары тұрғысына ерекше көңіл бөлу тапсырылды.

Осыған орай, Ұлттық экономика министрлігіне ай сайын нысандардың уақытылы өткізілуіне мониторинг жүргізіп, Үкіметке ақпарат беріп отыру тапсырылды.

“Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша ҚР Индустрия және даму министрлігіне “Бәйтерек” холдингімен және өңірлердің әкімдерімен бірлесіп 1-қазанға дейін бағдарламаға екінші деңгейлі банктерді белсендірек тарту мен оны іске асырудың тиімділігін арттыру үшін, бағдарлама тетіктеріне түзетулерді қарастыратын Үкімет шешімінің жобасын енгізу туралы тапсырма берілді.

Сондай-ақ осы министрлікке Ақпарат және коммуникация министрлігімен бірлесіп бағдарлама тетіктерін ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспарды бекітіп, аталған жұмысқа облыстардың әкімдерін тарту жүктелді. Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы бойынша цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу есебінен бағдарлама тиімділігін арттыру қажеттігі байқалған. Осыған орай, ҚР ИДМ-ге әкімдіктермен және мүдделі ұйымдармен бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамыту бойынша жұмысты үйлестіру тапсырылды.

Сондай-ақ, ҚР премьер-министрі өңірлердің әкімдеріне индустрияландырудың өңірлік карталары аясында енгізілген, барлық тоқтап тұрған кәсіпорындарды іске қосу бойынша нақты жұмыстарды жүргізуді және 1-желтоқсанға дейін олардың жұмысын қайта жандандыруды тапсырды.

Ауылшаруашылығы өнеркәсібі кешендерін дамыту бойынша, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығымен, “Атамекен” ҰКП және облыстардың әкімдерімен бірлесіп бір айлық мерзімде ірі агрохолдингтердің қаржылық сауықтыру жұмыстарының егжей-тегжейлі талдауын жасап, Үкіметке тиісті ұсыныстарды жіберу жүктелді.

Бұдан өзге, ҚР премьер-министрі өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін реттеу арқылы, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар әзірлеуді тапсырды. Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыру аясында еңбек, ұлттық экономика, қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктеріне өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, Үкіметке аймақтық квоталарды ұлғайту, еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстікке ерікті түрде көшуге ынталандыру және қажетті есептерді дайындау бойынша ұсыныстарды Үкіметке жіберу тапсырылды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Ауылшаруашылығы министрліктеріне әкімдермен бірлесіп, бір ай ішінде халықты шағын несиелендірумен қамтамасыз ету көлемін ұлғайту, соның ішінде “Бизнес – Бастау” жобасы бойынша қаржыландырылған стартаптардың үлесін арттыру туралы тапсырмалар берілді.

Сағынтаев өңір әкімдеріне бағдарламаны іске асыру аясында азаматтарды зейнетақы жүйесіне және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тарту үшін тұрақты жұмыс орындарын ашуға ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

Ұлттық экспорттық стратегия тұрғысынан ҚР Индустрия және даму министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір айлық мерзімде экспортшыларға қолдау көрсету мәселесінде министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың және Kazakh Export ұлттық компаниясының жауапкершілік аймақтарын бөлу бойынша нақты ұсыныстар беру жүктелді. Бұдан өзге, ҚР Ұлттық экономикалық министрлігіне жауапты мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен бизнеске “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясының қызметі тәрізді мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ұсыныстарды зерттеп, ұсыну тапсырылды.

Мәдениет және спорт, білім және ғылым, ақпарат және коммуникациялар, дін істері және азаматтық қоғам, қаржы министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында жобалардың уақытылы іске асырылуын жеке бақылауға алу тапсырылды.

“Алға қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындап, жұмысымызға тиісті түзетулер енгізуіміз қажеттігіне баса назар аударуға тиіспіз”, – деді Бақытжан Сағынтаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз