Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Ұқпайды…”. Көмірді арзандатам деген министр қандай қиындыққа тап болғанын айтты

160

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Отырыста Жеңіс Қасымбек Астана қаласын мысалға алып, көмір бағасын қалай түсіретінін саусақпен санап, ежіктеп тұрып айтып берді.

«Көмір разрезіндегі баға өзгермейді, ол – 5500 теңге. Ал трейдер бағаны 60-70 процентке төмендетеді, яки үстеме баға 2 985 теңгеден 885 теңгеге дейін төмендеуі тиіс. Біздің жоспарлап сондай. Орташа алғанда, бұл арада 2 100 теңгеге дейін айырмашылық болады. Негізі, көмірді Шұбаркөл разърезінен Астанаға дейін теміржолмен тасымалдау шығыны 1 715 теңгені құрайды. Стансалар арасындағы қашықтық – 616 шақырым. Бұл бір ме?..

Екіншіден, теміржол көлік шығындары стансадан эстакадаға дейін 1 242 теңгені құрайды. Оған вагондарды стансадан көмір сақтау орындарының шекарасына дейін жеткізу, көмір сақтау орындарының шекарасынан эстакадаға дейін түсіру, көмір иесінің жол тармағы бойынша жүру, вагондарды түсіру шығындары кіреді.

Міне, осы баға төмендеген жоқ. Біз бұл жерде бағаны төмендетуге резервтер бар деп есептейміз. Сондықтан, монополияға қарсы органның осы жағдайды зерттеуін сұраймыз!

Ал көмір қоймаларындағы сатушылардың үстемесі – 2000 теңге. Олар 25-30 пайызға, яғни, 1500-1700 теңге дейін төмендетуге дайын. Қабылданған шаралардан кейін көмір бағасы 1-2 аптаның ішінде Астанада 18 процентке төмендейді деп күтудеміз. 13 600-14 500 теңгеден 11 200 теңгеге дейін арзандауы тиіс. Айырмашылығы – 2 400 теңге.

Үшіншіден, көмір қоймаларынан соңғы тұтынушыға дейін жүк көлікпен көмір жеткізуде бағаның қалай қалыптасатындығына талдау жүргізіп жатырмыз қазір біз. Мысалы, Астанадан Талапкерге дейін көмірді жеткізу құны 15 000 теңге болады. 1 тонна көмірді жеткізу бағасы – 2142 теңге. Тасымалдау құнын қосқанда, көмірдің бағасы бүгінде Талапкерде 15 642 теңге. Бағаны төмендету бойынша қабылданған шаралардан кейін Талапкердегі соңғы тұтынушыға жететін баға 13 242 теңге болады.

Сондай-ақ, Ильинка, Қоянды елдімекендеріне жеткізу бағасын да есептедік», – деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында Инвестициялар және даму министрі қолға алынған жұмыстардың нәтижесінде халыққа жеткізілетін көмір бағасы 2,5 – 3 мың теңгеге арзандайтынын айтты. Ал Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев көмір құнын арзандату тұрғысында Үкімет өз жұмысын атқарғанын, ендігіде, олардың халыққа жеткізілуі әкімдерге байланысты екендігін атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз