Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҰҚК мен «финпол» әлі жаға жыртысады — Әшімбаев

189

Енді көпшілік жаңа құзіреттерге байланысты мүдделер қақтығысы орын алып, күштік құрылымдар арасында айқас басталады деп күтіп отыр.

Әсіресе ҰҚК мен Жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұлттық бюро (қаржы полициясы) арасында ықпалдық үшін күрес туындайтыны анық

Байқасаңыз, соңғы кезде «финполдың» белсенділігі басылып қалды. Олар көктемде, жаздың басында талай ірі тұлғаларды тұтқындаған болатын.

Бигелді Ғабдуллинді, Сейітқазы Матаевты қамауға алу – елдің саяси имиджіне көлеңке түсірді. Олар саяси жағына мүлдем қарамады, өйткені Матаев та, Ғабдуллин де оппозициялық журналистер емес еді. Мүмкін, тәуелсіз шығар, бірақ оппозициялық емес еді.

Жалпы алғанда, саяси жағдай мынадай:

ойын ережелері сол баяғы, бірақ бірқатар шешуші ойыншылар қоғамдық белсенділігін күрт азайтты, оның орнына көлеңкелі іс-қимылдарға кірісті

Өкілеттер мен құзырларды бөлісу, өз адамдарын алға жылжыту, ресуртарға иелік етуде қай тараптың күшейіп, кімнің әлсірегеніне сырттай баға беру әзірге оңай емес.

Бас прокуратураның мұндай кадрлық саясатқа баруына не себеп?

Заңдық емес, аппараттық-саяси жағынан алып қарасақ, мұның өзі КНБ мен «финпол» арасында, Ішкі істер министрлігінің айналасында қақтығыстар болуы мүмкін екенін білдіреді. Бұл жағдайда Бас прокуратура барлық құқық қорғау органдарының үстінен қадағалаушы орган ретінде осындай қадамға барған болар. Прокурорлар – орталық пен өңірлердегі күштік органдардың үйлестіру кеңестерінің төрағалары болып табылады. Сол үшін кадр таңдауда жағдайды тұрақтандырып, болуы мүмкін кикілжіңдердің бітімгері бола алатындар іріктелген.

Бас прокурорлардың қазіргі орынбасарларын алсақ, Ерлік Кененбаев Президент әкімшілігі мен ІІМ-де жұмыс істеді. Андрей Лукин – қаржы полициясында. Ғизат НұрдәулетовҰлттық қауіпсіздік комитетінде. Ал Жақып Асановтың өзі әділет министрлігінде болды, мәжіліс депутаты болды. Бұл дегеніміз, қазір Бас прокуратурада барлық күштік құрылымдардың өкілдері бірге отыр.

Ия, бас бақылаушы органымызда әртүрлі командалардың, тіпті әртүрлі элиталық топтардың адамдары жиналды. Бәлкім,

осылайша болуы әбден мүмкін текетірестердің алдын алуға тырысып, жағдайды ушықтырмай, уыстан шығармауға деген талпыныс байқалуда.

Басқаша айтқанда, билік Бас прокуратураны барлық күштік құрылымдардың коалициялық бақылаушысы ретінде тағайындап қоюға тырысуда

Экономикада оң өзгеріс болмайды

Биыл күзде Астанада атышулы ЭКСПО көрмесі аяқталды. Енді теңгенің құнсыздануы мен экономикалық дағдарыстың ушығуынан қорқып отырмыз. Енді экономикада не болады?

Ұлттық банк «бәрі жақсы» деп, жалған оптимизм жасаудан жалықпайды. Бірақ шындығында теңгенің бағамы – үлкен мәселе. Кім не десе де,

Ұлттық банктің біліктілігі мен өзі болып қаржы саясатын жүргізе алатын қабілеті бар дегенге ешкім сенбейді. Күмән көп

Қаржы саласында қазір үлкен өзгерістер болып жатыр. Әсіресе көзге ұрып тұрғаны – капиталды бір жерге жинақтау үрдісі жүріп жатыр. Халық банкі Казкомды сатып алды, тағы біраз банктер біріккелі отыр: Цеснабанк пен Банк ЦентрКредит, RBK мен Qazaq Banki, Tengri Bank пен Capital Bank. Тіпті АТФБанк пен Forte bank те бірігеді деседі. Байқасаңыз, бізде өзі банктер маңызды саяси және экономикалық тірліктердің көрсеткіші сияқты. Ал, ойланайық.

Үкімет мен Ұлттық банк елдегі банк жүйесін тұрақтандыруға көп ақша бөлді. Бізде өзі қит етсе банктерді құтқару үшін ақша бөлу – дәстүрге айналды.

Қайыршы халықты емес, бірінші банктердің жайын ойлаймыз

Өйткені елдің саяси элитасы үшін банк жүйесі өте үлкен маңызға ие – бұл жүйе олардың жамандығын да жасырады, қаржылық демеу де болып отыр.

Қазіргі экономикалық жағдай мәз емес. Ешкім жақсылық күтіп отырған жоқ. Үкімет сол баяғыша мұнай қымбаттаса екен деп армандап отыр. Бірақ ондай болжам жоқтың қасы. Бюджеттің түсімдері азайып келедісонымен бірге халықтың сатып алатын қабілеті де төмендеп барады. Байқасаңыз, дүкенде тауарлар да азайған.

Жалпы алғанда, біздің экономикамыз жақсы ойларға жетелей алмайды

Еуразиялық интеграциялық үрдістер бір қарағанда сәтті сияқты: белгілі бір капитал, еңбек күші мен тауарлар қозғалысы бар. Бірақ ЕАЭО-ның жағдайы әлі тым күрделі, әрі жаһандық қаржылық тұрақтылыққа қатысты қауіп көп. Батыс экономикасының жағдайы да қазір бұрынғыдай мықты емес, қазақстандық экспорттың тұтынушысы ретіндегі Қытай экономикасының өсім қарқыны да бәсеңдеп қалды. Қысқасы, Қазақстаннан капиталдың қашуы жалғасып жатыр.

Теңге мен рубль арасындағы бағам да теңгенің пайдасына шешілер емес.

Осылайша, енді не болады десеңіз,

жағдайдың күрт қиындауы – теңгенің девальвациясы, немесе бюджеттің оңбай қысқаруы түрінде болмақ

Анығы біреу: Қазақстан экономикасы енді жақсара қоймайды.

«Рухани жаңғыру» деген не?

— «Рухани жаңғыру» деген шықты. Қоғамның санасын жаңғыртатын бағдарлама. Одан не күтеміз?

Идеологиялық блоктағылар не істеп, не қоятынын нақты білмейді-ау. Әйтпесе осының алдындағы Мәңгілік Ел мен Жалпыға ортақ еңбек қоғамы дейтін идеологиялар қайда қалды? Оларды ұмытып кетті де, оның орнына күн тәртібіне «Рухани жаңғыруды» шығарып қойды. Оған бәз-біреулер қуанып, бар ынтамен іске кіріскелі жүрсе, енді біреулер миығынан күлуде.

Енді қазақ әліппесін латын әріптеріне ауыстыру жөнінде әңгіме шығып отыр. Бір күні

үкіметтің есіне «100 нақты қадам» түсе қалса, сол күні сол тақырыпта брифингтер өткізе бастайды

Бұл өзі не идеологиялар деген сұрақ туындайды. Сонымен бірге үкімет кезекті инвестициялық стратегиясын шығарып, инвестиция тартатын елдердің тізімін жасап қойды. Бірақ ол құжатты да нақты нәтиже әкелетін нәрсе деп қабылдау мүмкін емес.

Бейне бір түпкі мәселені терең мөшектің түбіне тығып тастап, экономика мен саясатқа, идеологияға қатысты пафосқа толы өтірік ұрандардың жетегіне жүрген сияқтымыз. Өйткені

нақты да мықты бағдарлама қабылдауға ешкімнің күші де, дәті де жетпей отыр

Міне, біздің елдегі көп қызықтың бірі осы. Ұсақ тактикалық тірлікті үлкен стратегиялық қадам ретінде көрсетіп, нақты істің орнына жалынды ұрандарды атойлатып келеміз. Бірақ шын мәнінде бәріміз тек бір ғана стратегиялық мәселенің шешімін күтіп отырмыз биліктің ауысуы мәселесін. Ең құрығанда біреу соған қатысты белгілі бір ым білдіріп, ишарасын жасай ма деп күтіп отырмыз. Немесе бұл мәселенің табиғи жолмен әлі ұзақ уақыт кейінге қалдырыла беретінін түсініп отырмыз.

Данияр Әшімбаев, фото Роман Егоровтікі, time.kz сайтынан алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз