Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Үйлену — отбасылық іс: Орталық Азия жастары өмірлік серіктерін қалай іздейді

277

Ұзақ жол

Тұрмыс құрып, бала табу — әрбір ортаазиялық қыздың арманы. Бірақ бұл арманға жеткенге дейін, болашақ келін әлеуетті күйеу бала мен оның отбасымен ұзақ және күрделі таныстықтан өтуге тура келеді.

Орталық Азияда үйлену тойына бала туғаннан бастап дайындала бастайды —

қыз жасауын, қалың мал дайындайды және, әрине, қалыңдық немесе күйеу жігіт қарастыра бастайды.

Бұрын ата-аналар балаларына жұпты таныстарының, достарының және көршілерінің арасынан іздесе, қазір көмекке әлеуметтік желілер келді.

Facebook-те тәжік топтарының бірінде қалыңдық немесе күйеу бала іздеп жүргені туралы жазбаларды кездестіруге болады. Көбінесе мұны туыстары, кейде жастардың ата-аналары жариялайды.

Патриархалдық дәстүрлер

Неге ата-аналар, олардың ішінде аналар ұлдарына қалыңдықты өздері іздейді? Осы сұрақтың жауабын білу үшін портал журналисі Tajik Mama Group тобының қатысушыларына тиісті сұрақ қойды.

Қолданушылардың көбі бұл дәстүрдің тамыры тарихта жатқанын жазған.

Ерлердің пікірінше, ата-аналар ұлына қай қыз сай келетінін және кіммен бақытты болатынын олардан жақсы біледі

Орталық Азияда патриархалдық дәстүрлер өте мықты сақталған. Өмір серігін іздеу, бұрыңғы заманда сияқты бүкіл отбасының, тіпті қауымның ісі.

Әйелдердің пікірі әртүрлі болды. Көптеген әйел үй қызметшісі керек болған соң ұлына қалыңдық іздейтінін айтқан.

Бірақ баласының бақытты болғанын қалап, ұлына сай қызды таңдағысы келетіндер де баршылық. Бірақ дегенмен де соңғы сөзді ұлдарына қалдырады.

Дін нұсқамалары

Сондай-ақ, қолданушылар үйлену тойды ата-ана жасайтындықтан, бірнеше айдан кейін жас отбасы ажырасып кетпеуінің алдын алады. Көптеген қолданушылар ұлына қалыңдық таңдау жайлы Құранда да айтылғанын жазған.

Шынында да, онда болашақ жар таңдау нормалары жазылған.

Хадистердің бірінде әйелді төрт дүниеге: оның байлығына, шыққан тегіне, сұлулығына және дініне байланысты алады,

сондықтан діншіл әйелді ал, әйтпесе жеңілесің (Әл-Бухари).

Қалыңдықты кім таңдауы керек, ол туралы нақты нұсқаулықтар жоқ. Ал қызға күйеу жігітті ата-анасы іздеу керегі көрсетілген.

Ал оларда қалай?

Балаларға жұп таңдау дәстүрі тек Орталық Азияда ғана бар емес. Нигерияда қалыңдықты арнайы жеңгетай іздейді, ал ата-аналар үміткерді мақұлдайды. Күйеу жігіт пен қалыңдық үйлену тойында ғана кездеседі.

Үндістанда касталар араласып кетпес үшін күйеу жігіт немесе қалыңдықты ата-анасы өзі іздейді

Италияда неке ерлер үшін де, әйелдер үшін де қасиетті дәстүр саналады. Тұрмыс құрмаған қыздарға сынмен қарайды, сондықтан оны тұрмысқа шығару әкесінің ғана емес, үлкен ағаларының да міндеті.

Армения мен Түркияда патриархалдық дәстүрлер мықты, сондықтан отбасы мүддесімен жаңа туған балаларды атастырып қояды.

Қытайдың жекелеген өңірлерінде “махаббатпен некеге тұру” ұғымы жоқ

Бұл жерде неке отбасы, бизнес мүддесімен немесе борыш сезімімен түсіндіріледі. Сондықтан жастар ата-аналарының немесе арнайы жеңгетайлардың таңдаған адамдарымен некеге тұрады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз