Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Үйленгім келеді, бірақ «Қожа» деген руым бөгет

255

Әкем де, атам да, өзге де туған-туыстарым қажыға барған, шетінен молдалар. «Үйленемін» деп едім, «қызың қай ел?» десті туғандарым. «Осы Түркістанның найманы» деп едім. Барлығы шоршып түсті!

«Біз қожамыз, қарадан қыз алмаймыз. Қанымызды таза сақтаймыз», деседі.

Алғашында жұрт менімен қалжыңдасып жүр екен деп ойлағанмын. Бақсам, олар шындап бара жатыр.

«Керек болса, Қожадан қызды өзіміз тауып береміз» дейді. Бірақ сүймеген, жақсы көрмеген қызға қалай үйленемін? «Бәрібір жақсы көрген қызымды аламын» деп қырсықпақ едім, «осы өңірде толып отырған Қоңыраттан неге қыз қарамайсың. Найманда нең бар? Олар – сайтанды алдаған қулар. Ертең басыңа шай қайнатып жүрмесін», деді бір туысым.

Қысқасы, олармен айтысудың қажеті шамалы екен.

Достарыма басымдағы жағдайды айтып едім, олар: «Сен 21 ғасырда өмір сүріп жатырсың. Руға қарау баяғының қалдығы. Туғандарың қарсы болса да қызыңды ал да, басқа жаққа кетіп қал», дейді.

Осы достарымның айтқаны дұрыс секілді. Не де болса өз сүйгеніме үйленемін. Бірақ туғандарым ақ батасын бере ме, жоқ па?

Осы жағы қиын болып тұр.

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз