Үнемі сабырлы, сырт көзге сыр бермейтін әнші Қарақат Әбілдинаның жарына “екінші әйел” алып беремін деп жар салғанын халық таңқалысып қабылдаған еді. Алайда, оған көпшілік сенбеді. Қарақат оны пиар деді.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды. Қарақат Әбілдина күйеуіне тоқал алып беремін деп жар салғанының себебін пиар деп атап, ол туралы бірде мерекелік концертте айтамын деді. Ал Қыдырәлінің өзі ол туралы тіпті кітап жазып жатыр деп сырын ашқан-ды.
“АБК тобының 20 жылдығы, “Ұлытау” тобының 15 жылдығы, Қарақаттың он бес жылдығы сахнада”
– деп сүйінші сұрады Болманов.
Мерекелік концертін белгілі продюсер бұрын-соңды болмаған шоу қылып өткізбек. Тек шетелдік әртістер қана қолданатын техниканы пайдаланбақ. Оған тіпті, 40-тан астам маман жұмылдырылмақ.
Бір қызығы, жиырма жылдық мерейтойында “АБК” тобының орындауындағы “Бір тамшы жас” әнін Қыдырәлі жас әнші Төреғали Төреәліге орындатпақ. Бұнда қандай сыр бар?
“Төреғали Төреәлі, біздің бір тамшы жас бар ғой, сол әннен бастаған екен ән айтуын, ол видеосы да бар. Тәп-тәтті”, – дейді Болманов.