Transparency International ұйымының сыбайласқан жемқорлықпен күрес жөніндегі рейтингінде Қырғызстан 41 саты жоғарылады. Бұл туралы қырғыз бас прокуроры Индира Жолдубаева Бішкекте жемқорлыққа қарсы күреске арналған конференцияда хабарлады.
Оның айтуынша, 2016 жылы Қырғызстан халықаралық ұйым рейтингінде 166 елдің ішінен 123 орын иеленген, ал 2012 жылы ол 164 орында тұрған еді.
БҰҰ-ның сыбайласқан жемқорлыққа қарсы конвенциясы 2003 жылы 9 желтоқсанда қабылданды. Құжатты 170-тен астам мемлекет мақұлдады.