Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұят-ай! Ел намаз оқуға кеткенде полиция көліктерінің номерін шешіп алған

Тілшілер Тараз қаласының тұрғыны Рүстем Батырбеков сөзге тартқан:

– Жұма намаздан шықтық. Болды нөмірімізді шешіп алды.

– Не үшін? Мына жерде тұрғанымыз үшін.

– Қанша адамның нөмірін шешіп алды?

– Шамамен 50-60 адамдікін шығар.

Шен таққандардың бұл әрекеті көптің ашуын келтірген. Әдеттегінше алаңсыз Алла үйіне ағылған ел дәл бүгін құзырлы орган қызметкерлерінің ерекше заңқой бола қалғанына өкпелі. Болмаса бұған дейін де осы маңға көліктерімізді қойып келгенін алға тартты. Бірақ бүгін жұрттың жол жиегіне көліктерін қоюы тәртіп сақшыларына жақпай қалыпты. Бұл мәселеге қатысты Тараз қаласы ІІБ ЖПП батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Сексенбаев былайша түсініктеме берді:

– Қалай айтсақ та ол заңға қарама  – қайшы. Жұрт көліктерін жолдың бойына қойған. Сондықтан бүгін біз сендерге ескертеміз. Негізі имамға уағыз кезінде айтыңыз деп өтініш айтқанбыз,  – деді.

Осылайша көптің мысы басса керек өз қолымен жапай жинаған жүзге жуық көлік нөмірін полицейлер кері қайтарып берді.

Мешіт маңда көлік тоқтатуға тыйым салынған белгі жоқ. Бірақ полиция қызметкерелрі оның қажеті де шамалы екенін айтуда. Өйткені жол жиегіне көлік қою онсыз да заңға томпақ екені белгілі. Бірақ бір қызығы бұған дейін көз жұма қарап келіпті. Тұрғындардың ашуын туғызуға тәртіп сақшыларының үнсіз ойламаған жерден көліктердің нөмірлерін шешіп алуы себепші болғаны анық. Жұрт «ең болмағанда ескерту жасау керек еді» деп деп ренішін білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз