2019 жылғы World Press Photo фотожурналистика саласындағы ең беделді байқаудың номинанттары аталды, деп хабарлайды aif.ru.
© World Press Photo / Chris McGrath, Getty Images
Ер адам журналист Джамаль Хашоггидің із-түзсіз жоғалып кеткеніне байланысты халықаралық резонанс туындаған кезінде Стамбулдағы Сауд Арабия елшілігінің алдында баспасөз қызметкерлерін кіргізбеуге талпынуда.
© World Press Photo / John Moore, Getty Images
Гондурастық Яна анасы Сандра Санчесті АҚШ-тың шекара қызметінің агенті тексеріп жатқанда жылап тұр, Техас штаты.
© World Press Photo / Diana Markosian, Magnum Photos
Бойжеткен алқызыл кабриолетте Гавана көшелерімен 15 жасын атап өтуге келе жатыр. Латын Америкада он бес жас мейрамы ерекше ғұрыптардан тұратын, кеңінен атап өтілетін шара.
© World Press Photo / Marco Gualazzini, Contrasto
Жетім бала Чад еліндегі Боле қаласында гранатометтер салынған суреттің жанында кетіп барады.
© World Press Photo / Wally Skalij, Los Angeles Times
Жылқылар Малибудағы орман өртенгеннен кейін эвакуацияны күтіп тұр, Калифорния, АҚШ
© World Press Photo / Mário Cruz
Бала Маниладағы өзенде, қоқыстың айналасында жүзіп жүрген матрастың үстінде жатыр, Филиппины.
© World Press Photo / Brent Stirton, Getty Images
Браконьерлерге қарсы күрес бөлімшесінің мүшесі Пхунунду жабайы табиғат паркінде оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде, Зимбабве.
© World Press Photo / Jasper Doest
Карибтік фламинго қолдан жасалған шұлық киіп алған. Бұл оның табанын ауыр жарақаттан емдеуге көмектеседі, Кюрасао.
© World Press Photo / Terrell Groggins
Бокстан Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдс (оң жақта) Детройттағы ұрыс алаңында Ханна Габриэльспен кездесті, Мичиган, АҚШ.