Ресейде WhatsApp мессенджерімен байланысты ақша жымқырудың жаңа тәсілі пайда болды.
Алаяқтар банк атынан қолданушыға оның банк картасы есебінен интернет-дүкен тауары алынғаны туралы хабарлама жібереді. Егер құрбан ешнәрсеге тапсырыс бермесе, тез арада банк қауіпсіздігі қызметіне қоңырау шалуды ұсынады.
«Мұндай хабарлама алғанда оны дереу өшіріп тастауға тырысыңыз және ешқашан хабарласпаңыз, жеке мәліметтеріңізді де айтпаңыз», – деп ескертті Ресей Орталық банкінің Ярославль облысындағы бөлімшесі.
Көрсетілген нөмірге хабарласқанда да, қосымша төлемдер алынуы мүмкін. Сондықтан, картаның сыртында немесе банк сайтында көрсетілген банк нөміріне қоңырау шалғаныңыз абзал.