Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Владимир Путин екі елдің экономикалық қатынасында объективті проблемалар барын айтты

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XIII өңіраралық форумы өте маңызды екенін, оған Қазақстан мен Ресейдің 900 бизнесмені жиналғанын айтты. Елбасының сөзіне қарағанда, форумда 27 млрд АҚШ доллары сомасындағы бірлескен 40 келісімге қол қою болжанып отыр.

Өз кезегінде РФ Президенті Владимир Путин екі елдің арасындағы қатыныстар стратегиялық серіктестік мәніне ие екенін атап өтті. Сонымен қатар ол объективті жағдайға байланысты белгілі бір проблемалар бар екенін де жеткізді.

«Бұл жағдайлардың объективті сипаты сауда-экономикалық айналымда біршама түзетулерге алып келеді. Біз осыған әрекет етіп, бұл құбылыстардың ықпалын барынша төмендетудің жолдарын іздеуіміз керек», – деді ол.

Владимир Путиннің айтуынша, Астанадағы форумға қатысып жатқан 900 бизнесменнің арасында 400-і ресейлік кәсіпкерлер екен.

Сонымен қатар Ресей Президенті кеше Орынборда кәсіпкерлермен кездескеніне тоқтала келе, олардың көбісі Қазақстанмен тікелей жұмыс істейтінін және осы жемісті қарым-қатынас өзін қуантқанын айтты. Ол көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту тақырыбында өтіп жатқан бүгінгі форум экономиканы дамыту үшін жағдай жасауда өте маңызды екенін сөз етті. Оның пайымынша, бүгінгі келіссөздер барысында жоспарға алынған жобалар алдағы уақытта өз нәтижесін беретін болады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз