Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Владимир Ким Англияның ең бай адамдар қатарына кірді

Ким түрлі-түсті және қымбат металдарды өндіру мен өңдеумен айналысатын KAZ Minerals Group компаниясының президенті және негізгі акционері болып табылады. Бүгінде Ұлыбританияның ең бай адамдар қатарына кірген қазақстандық миллиардер сонымен қатар, «Қазақмыс» холдингінің президенті.

KAZ Minerals Group компаниясы Лондонда орналасқан және оның акциялары Лондон Қор Биржасында бағаланады. 2010 жылы Владимир Ким өз акцияларының бір бөлігін KAZ Minerals компаниясына сатып, 838 миллион фунт стерлинг пайда көрді.

2016 жылы компания Қазақстан үкіметімен келіссөздер жүргізгенде көрсеткен көмегі үшін оған 454 мың фунт төледі.

Өз уақытын Алматыда өткізетін Владимир Ким қазір 57 жаста. Ол Сталиннің кезінде Қиыр Шығыстан жер аударып келген этникалық корейлердің ұрпағы.

Өздеріңізге белгілі болғандай, Кимнің Лондонның орталығындағы One Hyde Park ғимаратында пәтері бар. Ал, онда тұру құны ең арзан дегенде 20 миллион фунт болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз