Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

ВКонтакте қауіпті! Украинадағы соғысқа шақыратын топтар жүр

235

 

Біреуінің аты – Алматы орыстары, екіншісі Орыстардың ұлттық бірлігі (Қазақстан Республикасы) деп аталады. Екеуі де Қазақстанның әлеуметтік желісінде емін-еркін жүрген жабық топ. Соңғысын, тіпті, әскери қауымдастық деп айтсақ та болады. Өйткені, олар өзін еріктілер отряды деп атайды.

 

„Біздің коловраттың фашизм мен экстремизмге еш қатысы жоқ. Біздің мақсатымыз түп тамыры бір жұртты жинап, тарихтан сыр шерту„, – деп жазады олар.

Алайда, нақтысында, парақшаға салынған ақпараттарға көз жүгіртсеңіз, Украинадағы соғыс насихаты қаптап жүр.

Мұны көрген қазақстандық әлеуметтік желіні қолданушылар ұлтаралық араздықты тудырушы, жат пиғылды топтардың масқарасын шығарайық деп, олардың парақшаларын бір-бірімен бөлісіп жатыр.

Әрине, бұл арада:

„Ұлттық қауіпсіздік комитеті қайда қарап отыр, бұларға неге жол беріп қойған„

деген заңды сауал туады.

Ата-бабамызды қырып, сол үшін марапатталған темір-терсектерін саудыратып тағып алған казак сарбаздардың көз алдымызда жүргені, қашан?.. Қанша жерден сынап, сыбап жазсақ та оларды тізгіндете алмай қойғанымыз белгілі.

Керісінше, олар жақында ғана еліміздің шығысында атаман Ермактың мерейтойын дүркіретіп тойлап, одан сайын қанды қайнатты емес пе?.. Бұл жолы да солай болып жүрмей ме екен, өзі?..

Егер құзыретті органдар ешқандай әрекет қылмаса, онда еліміздің әр өңірінен Украинадағы соғысқа аттанушылардың саны күннен күнге арта береді, әрине. Ал ол жаққа барып, „бауырларына„ болысып келгендер бізде жоқ емес, баршылық.

„Шетелдегі соғысқа қатысқаны үшін„ деген баппен сотталған қазақстандықтардың берген жауабында ұқсас бір нәрсе бар. Ол: соғысқа интернет арқылы шақырту алып, барғаны. Демек, сырттан да қол жинаушылар өз уағызы немесе жарнамасы үшін әлеуметтік желіні жақсы пайдаланып жатыр.

Луганск Халық республикасы сепаратистеріне қосылған қостанайлықтар

Еске сала кетелік, 2014 жылы Луганск Халық республикасы жағына жақтасып, соғысқан Шығыс Қазақстан облысы Глубокой ауылының Валерий П. деген тұрғыны сотталды.

2015 жылы Қостанай облысының тағы екі азаматы Украинада сепаратист сарбаздардың қатарына қосылып, соғысқаны үшін сотталды. Аттары аталмады, бірақ біреуінің лақап аты „Китаец„, екіншісінікі – Тёркин. Олар Луганск сепаратистерінің қатарына қосылған.

2015 жылы сәуірде Донецк сепаратистерімен тізе қосқан Атырау облысының 27 жастағы тұрғыны Александр Урашев та осындай қылмысы үшін сотталды.

2015 жылы Астанада Украинадағы соғысқа қатысқанын мойындаған Евгений Вдовенко сотталды. Ол соғыс алаңында ТМД азаматтарының толып жүргенін айтқан…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз