Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Вице-министр: ауылға арналған тұрғын үй бағдарламасын әзірлеп жатырмыз

Үй кiрпiштен не саманнан салынған ба, оған бiз басымызды қатырмауымыз керек. Мүмкiндiк бер, алсын. Одан кейiн келешекте ол үйiн жаңартып алады. Бастысы оның жерi, коммуникациясы, бәрi болады.

Осындай мүмкiндiк беретiн болсақ, ауылдан қалаға адам ағымы азаяды. Әйтпесе, бiз осындай қарқынмен кете берсек, қалаларды тағы бiр ғасырдай салуымыз керек болады. Сондықтан ауылда тұратын азаматтарды сол жерде қалдыру керек. Қалаға үлкен жүктеме түсiрмеу қажет», – дедi Уәлихан Қалназаров.

Ал, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрi Қайырбек Өскенбаев бұл ұсынысты қолдайтынын айтты.

«Мен өткен отырыста айтқанмын, жалпы, барлық отырыстарда «менiң ауыл бойынша позициям ерекше, бiз ауыл бойынша жаңа бағдарламаны әзiрлеумiз керек» деп айтып жүрмiн.

Дегенмен, мен бұл мәселенi Үкiметке әлi талқылауға шығарған жоқпын. Жеке өзiмнiң екi механизмiм бар. Оларды осы айда аяқтаймыз. Одан кейiн барып, келiсуге жiберемiз. Себебi, бiз қазiр пайдаланып жүрген «Нұрлы жер», «7-20-25» бағдарламалары ауылға жарамайды», – дедi Қайырбек Өскенбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз