Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Витастың Димаштың үстінен шағым түсіргені өтірік екен

“Мен шағым түсірген жоқпын. Витас та шағымданбаған. Шын мәнінде менің келісімім бойынша менің қытайлық серіктесім болып келетін компания шағым түсірген. Бұл компания ҚХР территориясында интеллектуал мүлікті қорғаумен айналысады. Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл заңбұзушылық осы мемлекеттің территориясында болды. Сондықтан сол елде осындай процесс жүргізіліп жатыр. Нәтижесін бірге көреміз”, – деді Пудовкин.

Еске салайық, Витастың өкілдері шағымды Hunan арнасының үстінен түсірген. Оған Димаш Құдайбергеннің I am a Singer байқауында “Опера № 2” әнін айтуы себеп болған. Әзірше телеарна бұған қатысты ресми пікір білдірген жоқ. Ал Димаш Құдайбергеннің PR-менеджері Алпамыс Шаримов бұл әнді орындау конкурс режиссерінің таңдауы болғанын хабарлаған. Ал кейін даусын ресейлік әншімен салыстырғандарға Димаш Құдайбергеннің өзі жауап берген. “Мен “Екінші Витас” емеспін!” деп мәлімдеген еді Димаш Құдайберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз