Видеотіркегіші жоқ тәртіп сақшылары жол қозғалысының ережесін бақылауға жіберілмейді.
Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаев атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінге дейін полиция қызметкерлерінің 80 проценті видеорегистратормен қамтамасыз етілген. Жылдың соңына дейін бұл бағытта жұмыс жүргізіледі», – дейді Әлібек Кеңіспаев.
«Иә, шынында да, видеорегистратормен қамтамасыз етілмеген полиция автопатрулі жол қозғалысын бақылауға жіберілмейді. Өйткені, нақты фактілер мен айғақ міндетті түрде видеорегистраторға тіркелуі керек», – дейді ол.