Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ватсаптағы ақпарат расталды. Алматыда менингит жұқтырғандар көбеюде, көз жұмғандар бар

 

 

https://kaz.365info.kz/akhtobe-auruhanasynda-sal-bolyp-khalgan-balany-ministrlik-oz-bakhylauyna-aldy-315043

Қалалық жұқпалы аурулар емханасының бас дәрігері Ержан Сералин әйелдің баласының жағдайын айтып берді.

“Бала балабақшада болған, оның температурасы 40-қа дейін көтеріліп, шешесі үйіне алып кеткен. Түнде олар жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізілген. Амал не, бала төрт сағат ішінде қайтыс болды”, – деп хабарлады Сералин.

Мұның алдында Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің өкілдері қала тұрғындары арасында менингиттің таралуына қатысты мәлімет берген еді. Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 21-мамырдағы жағдай бойынша, менингококтық инфекциямен ауруханаға 47 адам келген. Олардың 8-і – балалар.

Бүгінде зертхана мамандары менингокок инфекциясы бойынша 15 деректі тіркеген. Дәрігерлердің айтуынша, үш адам көз жұмды. Олардың екеуі ересек және біреуі 14 жасқа толмаған бала. Айта кетейік, екі жағдайда, олардың бірі балада менингококтық инфекция аяқасты анықталып (бірнеше сағатта), стационарда аз уақыт қана болған.

 

 

https://kaz.365info.kz/mojyndap-otyr-akhtobede-darigerler-sabidin-zhylynynan-rykhsatsyz-syjykhtykh-algan-315364

Департаменттің мәліметтері бойынша, менингококтық инфекциямен тіркелетіндердің саны үш жылда бір рет көтеріліп отырады. “Ең көп тіркелген кез 2013 жыл болды – 49 адамда диагноз нақты қойылды және 2015 жылы – 66 жағдай”, – деді Алматы қаласы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз