Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Вашингтон қуған Ресей дипломаттары еліне оралды

Айта кетелік, өткен бейсенбі күні АҚШ-тың Ресейдің алты азаматы мен бес ұйымына санкция енгізгені белгілі болған еді. Оған қоса, АҚШ 72 сағат ішінде Вашингтон мен Сан-Францискодан Ресейдің 35 дипломатын шығаруға және Мэриленд пен Нью-Йорктегі дипломатиялық өкілдіктерді жабуға ниетті. Вашингтон Мәскеудің сайлау процесіне араласып, америкалық дипломаттарға тізесін батырды деп айыптап отыр.

Бұл ретте америкалық барлау қызметі сайлау науқаны кезіндегі хакерлік шабуыл жөніндегі біріккен баяндаманы жариялаған болатын. АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік министрлігі мен Федеральдық барлау бюросының сарапшылары АҚШ-та 2015 жылдың жазында және 2016 жылдың көктемінде тіркелген екі хакерлік шабуылды ресейлік барлау қызметінің екі тобы жүзеге асырған деген қорытындыға келді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз