Бұл өзгеріс тек долларға ғана байланысты емес, барлық негізгі шетел валюталарының таза сатылымы айтарлықтай төмендеді.
Жалпы алғанда, 2020 жылдың жеті айында қазақстандықтар америкалық валютаны сатып алуға оны сатудан түскен түсімнен 761,5 млрд-қа көп жұмсады. Салыстыратын болсақ, 2019 жылғы қаңтар-шілдеде айырмашылық 1 трлн 086,5 млрд теңгені құрады. Осылайша,
жыл басынан бері долларға сұраныстың төмендеуі 30%-ды құрайды
Алайда, оның қазіргі және алдыңғы жылдардағы құны айтарлықтай ерекшеленетінін есте ұстаған жөн. Егер сұраныс көрсеткіштерін америкалық валютамен қарастыратын болсақ, төмендеудің одан да күшті екенін байқаймыз.
Мұнай дәуірінің аяқталуы Қазақстанға қандай қауіп төндіруі мүмкін? — зерттеу
Осылайша, бір жыл ішінде қазақстандықтардың қолында миллиард долларға жуық қаражат жиналды. Бұл сұраныстың үштен бірінен астамға төмендегенін көрсетеді.
Егер өңірлер бөлінісінде долларға сұранысты қарастыратын болсақ, мынадай үрдістер байқалады:
7 айдың қорытындысы бойынша еуроның нетто-сатылымының сұранысы 2,7 есе төмендеді. 2020 жылдың қаңтар-шілде айларында қазақстандықтар еуропалық валютаны сатып алуға оны сатудан түскен түсімнен 82,1 млрд теңгеге көп жұмсады. 2019 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші – 222,3 млрд, 2018 жылы – 139,8 млрд.
Шілдедегі нетто-сату көрсеткіші –13,1 млрд теңге. Бір жағынан, бұл соңғы бес айдағы ең жақсы нәтиже. Бұл еуропалық валютаға деген қызығушылықтың қайта артқанын көрсетуі мүмкін (қазақстандықтар жақын арада Еуропаның шекарасының ашылатынына сенетін болса керек).
Доллар көшбасшылық позицияларын жоғалта бастады, оның орнына юань келе ме? — зерттеу
Екінші жағынан, 2019 жылы сұраныс ағымдағы деңгейден төмен болған емес ал 2018 жылы бұл көрсеткіш қаңтар айында ғана нашар болды. Яғни, ағымдағы өсуді ескерсек, сұраныс бұрын-соңды болмаған төмен деңгейде. Сонымен қатар, орташа айлық бағам бойынша қайта есептеу кезінде шілде айының қорытындысы бойынша халықтың қолындағы еуро көлемі азайды, тиісінше 28,1 млн және 27,9 млн еуро.
Бірақ бір қызығы, мұндай жағдайдың өзінде республиканың бірнеше өңірінде еуроға деген сұраныс ерекше жоғары.
Жалпы, маусым айымен салыстырғанда бұл валютаға сұраныс республиканың 17 өңірінің 11-інде өсті.
Ресей валютасына келетін болсақ, шілде айындағы сұраныс деңгейі 2018 басынан бергі кезеңдегі ең төменгі деңгейде. Бір айда нетто-сату 27,4 млрд теңгені құрады. Бұл маусым көрсеткіштерінен 29,2%-ға және 2019 жылғы шілде деңгейінен 44,1%-ға төмен.
Нетто-сатуды республиканың оңтүстік өңірлеріндегі жоғары сұраныстың есебінен қолдауға болады. Шілде айында Жамбыл облысында рубль сатып алуға халық сатудан түскен түсімнен 4,9 млрд теңгеге көп жұмсады. Салыстыратын болсақ, 2018-2019 жылдардағы орташа көрсеткіш – 456 млн теңге. Қызылорда облысының халқы өткен жылдары валютаны сатып алғаннан гөрі жиі сатты (айына орта есеппен 242 млн теңгеден), енді сұраныс 3,6 млрд теңгеден асты.
Неліктен АҚШ Қытаймен қырғи-қабақ соғыста жеңіліс табуы мүмкін?
Екі жағдайда да қазіргі көрсеткіштер рекордқа жақын. Айтпақшы, олар бір ай бұрын белгіленген. 2018 жылдың қараша айынан бастап сұраныс Атырау облысында да жоғары деңгейде болды – 3,2 млрд теңге.
Бірақ сұраныс үнемі жоғары болған өңірлерде керісінше, жағдай реттелген жоқ. ШҚО, БҚО және Қарағанды облыстарында сұраныс төрт ай қатарынан орташа деңгейден әлдеқайда төмен деңгейде.
Шымкент пен Алматы облысында да антирекорд орнатылды. Мұнда халық сатып алғаннан гөрі рубльден құтылуға тырысуда. Қостанай облысында төрт ай қатарынан сұранысқа қарағанда ұсыныс көбірек.