Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
5
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Вакцинацияланбаған адамдар мектептерде немесе қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істемеуі керек — Түменова

276

Үндістанның коронавирус штаммы (“дельта штаммы” деген атпен әйгілі) Қазақстанға жетті. Жақында бұл вирусты Астанадан да, Алматыдан да тапты. Жаңа мутация тез жұғатын қасиетімен және инкубация кезеңінің аздығымен ерекшеленеді.

Бұл жаңалық толық локдаун мен лық толы ауруханалары бар пандемияның тағы бір толқыны келеді дегенді білдіре ме?

“Аман-Саулық” қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова мұндай жағдайдың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол бұдан шығудың жалғыз жолы жалпы вакцинациялану деп есептейді.

Жастар бірінші толқын қаупіне атүсті қарады және қазір де аса мән бермей отыр

— Бақыт Ниязбекқызы, Қазақстанда, оның ішінде Алматыда да коронавирустың, “дельтаның” үнді штаммы тіркелген. Бұл жолы үнді штаммының әсерінен толыққанды үшінші толқынның басталу қаупі бар ма?

— Менің ойымша, қауіп бар және ол айтарлықтай үлкен. Қазір жазғы демалыстың уақыты, барлық әуе және теміржол жолдары ашық, адамдар жан-жаққа кете бастады. Мәскеуде Үнді штаммы қазірдің өзінде таралуда, ал Ресейден бізге келуі әбден мүмкін. Біздің ортақ шекарамыз бірнеше мың ғана шақырымды құрайды емес пе.

Әрине, бұл алаңдататын және уайымдататын жайт, әсіресе

өткен толқынмен салыстырғанда жастар көбірек ауыра бастағанын ескерсек.

Қазір тіркелген жағдайлардың шамамен 40%-ы 18-49 жас аралығындағы адамдарды көрсетіп отыр. Ал бұл ең мобильді топ. Дәл осы адамдар көбірек қозғалады, басқа адамдармен араласады және т.б. әрекеттер жасайды. Сонымен қатар, аурудың ағымы өте ауыр. “Дельтада” инкубация кезеңі әлдеқайда қысқа, ал ол неғұрлым аз болса, ауру соғұрлым ауыр болады. Алғашқы толқында бұл кезең 14 күн болды, ал қазір 3-4 күн. Бұл өте жаман көрсеткіш — бұл ауру формасы ауыр болады деген сөз.

Сондықтан шындап дайындалу керек деп ойлаймын.

— Сонда қалай?

— Біріншіден, және бұл ең бастысы, жаппай вакцинациялау қажет. Өкінішке орай, бізде бұл жағы нашар өтіп жатыр. Алматыда да солай. Оның объективті себептері бар және оған дәрігерлердің кінәсі жоқ. Әсіресе бұл мәселе уақытша тіркелген сырттан келушілерге қатысты.

Көрсетілген мекенжайларда олар іс жүзінде жоқ, телефонға жауап бермейді, дәрігерлер оларды таба алмай отыр. Жақында қалалық денсаулық сақтау қызметкерлері, соның ішінде амбулаториялық қызметтерді басқаратын әкімшілік округ басшылары қатысқан кездесуде болдым. Олар дәл осы жағдай туралы айтқан еді.

Олардан қай жастағы адамдар белсендірек вакцинацияланатынын сұрадым. Көбінесе егде жастағы адамдар екен. Менің ойымша, бұл бірінші толқында үлкендер көп ауырғанына байланысты болса керек. Әсіресе созылмалы аурулармен ауыратындар. Ал жастар, керісінше, сол жолы да, қазір де бұл мәселеге жеңіл-желпі қарауда. Ауру тек қарттарға ғана әсер етеді, ал біздің деніміз сау және жаспыз, біз қорықпаймыз дегендей оймен жүр.

Екпе салдырғың келмей ме — ақысыз демалыс ал

— Менің немерем оқып жатқан мектептің ата-аналық чатында жақында вакцина алған отбасылар туралы мәліметтер жинай бастады. Ата-аналардың жауаптары мені қатты таң қалдырды. Көбісі әлі екпе салдырмаған. Әрине, мен адам санын есептемедім, бірақ олардың үлесі едәуір көп болды.

Ал кейбіреулері тіпті салдырмаймыз деп мәлімдеді

Яғни, қоғамда вакцинацияға деген теріс көзқарас белсенді қалыптасқан. Сондықтан қазір халықпен белсенді жұмыс істеу керек, адамдарды хабардар ету керек — мысалы, Мәскеуде не болып жатқанын, жастар ауыра бастағанын айту керек.

— Айтпақшы, вирус бізге алғаш рет Ресейден немесе Қытайдан емес, Еуропадан “келді”.

— Біздің байланыс шеңберіміз өте кең, сондықтан кез келген жерден келуі мүмкін. Бірақ қайталап айтайын, біздегі шекараның ең үлкені – Ресеймен.

— Айтпақшы, кейбір Еуропа елдерінде вакцинаны күштеп салып жатқан көрінеді. Кем дегенде, вакцинацияланбаған адамдар үшін белгілі бір шектеулер енгізіліп жатыр. Мүмкін біз де бұйрық әдісін қолдануымыз керек шығар?

— Жоқ, мәжбүрлі вакцинация – бұл адам құқығын бұзу. Бұл мәселеге әркім жауапкершілікпен қарауы керек, бізде бұл жағы қиындау. Мәжбүрлеп екпе салуға болмайды, адамда таңдау болу керек. Бірақ егер ол тамақтану жүйесінде, мектепте немесе дүкенде жұмыс істесе, ол вакцинациялануы керек немесе аурудың өршуі кезінде ақысыз демалыс алуы керек.

Егер ол екпе салдырғысы келмесе, онда ол көп адамды жұқтыру қаупі бар орында жұмыс істей алмайды

Қазіргі жағдайда бұл қалыпты, өйткені адамдар өмір сүру үшін жанталасып жатыр. Бірінші толқын кезінде ауруханалар қайта бейімделгендіктен жоспарлы медициналық көмек көрсету көлемі қысқартылды. Төсек жабдықтары жеткіліксіз болғанда, осындай қадамға баруға тура келді.

«Вакцинаға қарсы адамдар» коронавирусқа дейін пайда болған

— Жалпы, кез-келген вакцинацияға теріс көзқарас мәселесі бізде коронавирустан әлдеқайда ертерек пайда болды және соңғы жылдары өршіп кетті. Жалпы кез-келген вакцинацияға қарсы адамдар көптеп шыға бастады.

Менің ойымша, “Денсаулық туралы” кодекс жобасы талқыланған кезде, осы мәселеге қатысты тіпті митингілер де ұйымдастырылды.

Онда көп адам қатысқаны таң қалдырады. Мұндай адамдар тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде де көп. Олар өздері екпеден бас тартып қана қоймай, басқаларды да салдырмауға белсенді түрде шақырады.

— Олар өз үндеулерін қалай дәлелдейді?

— Олардың дәлелдері ерекше. Мысалы, вакцинация бедеулікке әкеледі дейді, мен бұл туралы алғаш рет естідім. Олар сондай-ақ балаларда церебральды сал ауруы, дамудың артта қалуы, аутизм және т.б. ауруларды тудырады дейді. Олардың мәлімдемелері алдамшы, бірақ соған сенетін адамдар бар және олар осындай қауесеттерді әрі қарай тарата бастайды.

Сондықтан қазір әлі шешім қабылдамаған адамдармен жұмыс істеу керек. Шынына келгенде, ол өзіне ғана жауап бермейді, вакцинациясыз ол айналасындағы жандарға да қауіп төндіреді.

— Иә, олар көпшіліктің құқығын бұзады. Бірақ сіз әлі де бұйрық әдісіне қарсысыз ба?

— Әрине, қарсымын. Жалпы алғанда, сіз сонда оны қалай жасайсыз? Мәжбүрлеп байлап, вакцинациялайсыз ба? Басқаша әрекет ету керек, мысалы, мәскеуліктердің тәжірибесін алуға болады. Қамшы мен тәтті бәліш әдісі бар, мәскеуліктер сол әдісті қолдана бастады. Мысалы, тек вакцина алғандарға ғана мейрамханаларға, кофеханаларға және барлық сыраханаларға баруға рұқсат етеді. Соған қарамастан олар пандемияға дейінгі кезеңдегідей толыққанды жұмыс жасайды. Үйлену тойына да тек вакцинацияланған қонақтарды кіргізеді және тағы сол сияқты әрекеттер. Сол кезде 18-ден 50-ге дейінгі адамдар өз еркімен вакцинацияға барады.

Біз әлі елу пайыздық вакцинацияға қол жеткізбедік

— Ресейлік “Спутник” Үнді штаммынан қорғай ала ма?

— Ешқандай вакцина жүз пайыздық қорғауға кепілдік бермейді. Әр штаммға вакцина жасау да мүмкін емес. Есіңізде ме, көп адамдар жыл сайын тұмауға қарсы екпе салдыруға шақыратын, өйткені ол да мутацияға ұшырайды. Бірақ мутацияға қарамастан екпеден ауыр форманың ықтималдығы да, жұқтыру қаупі де төмендейді. Аурудың ауыр формалары қайта өлімге алып келеді. Ал егер екпе салдырған адам тіпті үнді штаммын жұқтырып алса да, ауру ағымы ауыр болмайды.

Сондықтан ең бастысы – вакцинациялану. Бүгінде ол үшін барлық жағдай жасалған, бірақ баратын адамдар саны сонда да өте төмен. Біз 60% түгіл, 50% – ға да жетпедік. Сондықтан, өкінішке орай, Қазақстанда үнді штаммы кең таралуына мүмкіндік көп.

— Қалай ойлайсыз, қатаң локдаун енгізіле ме?

— Егер халықта аурулар саны көбейсе, енгізуге тура келеді. Мұның бәрі адамдардың жағдайға қаншалықты жауапкершілікпен қарайтынына байланысты. Мысалы, мен 2020 жылы алғашқы толқын кезінде ауырдым, бірақ сонда да жақында вакцинацияландым.

Біз қысқа мерзім ішінде жаппай екпе салдырғанда, пандемияны тоқтата алар едік. Мысалы, Израиль мен Қытайда вакцинаны жаппай салдыра алды, ал бізде халық әлі ойланып отыр. Ал пандемия айналып келіп жатыр, әр келген сайын күшейіп, жаңа толқынмен келуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз