Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
20
USD
425
-1.03
EUR
500
-2.32
RUB
5.77
0.00

Вакцинация және онкология: қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға қашан және қалай екпе алу керек?

Коронавирус және онкологиялық науқастар

Онкологиялық науқастарда COVID-19 ауыр түрін жұқтырып, өлім құшу қаупі бірнеше есе жоғары. Сондықтан оларға вакцина алу керек. Бірақ

онкологиялық аурулары бар пациенттердің жай-күйін қатаң тексеруден өткізгеннен кейін ғана вакцина салу керек

Мұндай ұсыныстарды Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметі Американдық қатерлі ісіктерді зерттеу қауымдастығының (AARC) 2021 жылғы сәуірге арналған мәліметтеріне сүйене отырып береді. Мәселен, коронавирустан онкологиялық науқастардың өлімі жалпы адам шығынының 11%-дан 35%-ға дейінгі үлесін құрайды.

Вакцинация және емдеу

Диляра Қайдарова, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы онкопациенттерге вакцина алмас бұрын міндетті түрде онкологпен кеңесуді ұсынады.

– Қатерлі ісіктері бар пациентте шешім қабылдау кезінде қауіптер, жасы және жалпы жағдайы, сонымен қатар қандағы лейкоциттердің, лимфоциттердің және нейтрофилдердің деңгейі және анафилактикалық реакциялардың қаупі бағаланады.

Бүгінгі күні вакциналар екі кезеңді қамтитынын ескере отырып, онколог емдеу мерзімі негізінде шешім қабылдауы керек

Яғни, пациенттің екінші дозаны алуға уақыты бар ма, емдеу кейінге шегерілмей  ме және т.б. Қалай болғанда да, вакциналар туралы шешімді онколог қабылдайды, –деп атап өтті Қайдарова.

Ковидтің қаупі жоғары

Медициналық мекеменің баспасөз қызметі онкологиялық аурулары бар пациенттерге онколог дәрігердің бақылауымен “Спутник V” екпесін салатынын атап өтті. Бұл ретте вакцинация клиникалық зерттеулерден тыс жүргізіледі, әзірге ресми ұсынымдар жоқ.

2021 жылдың наурыз айында Ресейде коронавирусқа қарсы “Спутник V” екпесінің онкологиялық науқастарға арналған вакцинасына жекелеген зерттеу басталды. Ол жылдың соңына дейін жалғасады

Жалпы ұсыныстар

Егер науқасқа бағаналы жасуша трансплантациясы жасалса, ол вакцинаны үш айдан кейін ғана ала алады.

Науқас вакцинаны арнайы емдеумен бірге ала алады. Егер ол иммуносупрессивті терапиядан өтсе, екпені терапия басталардан кемінде екі апта бұрын алу ұсынылады

Егер науқас хирургиялық емделуге жіберілсе, ол операциядан бұрын немесе одан кейін коронавирусқа қарсы вакцина алуына болады. Отадан бірнеше күн бұрын және екі аптадан кейін. Онкологиясы бар науқастарға дәрігерлер арнайы ем басталғанға дейін мүмкіндігінше екі апта бұрын вакцина алған жөн екен айтады. Цитостатикалық ем қабылдаушыларға мұны терапия курстары арасында немесе олар аяқталғаннан кейін жасаған жөн.

Емдеудің ерекшеліктері

– Егер инфекция вакцинаның бірінші дозасынан кейін пайда болса, екіншісін толық сауыққаннан кейін ғана алуға болады. Дозалар арасындағы уақыт аралығы алты аптаға дейін.

Бүгінде карантиндік шектеулерге байланысты онкологиялық науқастарды ауруханаға жатқызу тек COVID-19-ға арналған ПЦР тесті бар болған жағдайды ғана жүзеге асырылады.

Бұл шаралардың барлығы онкологиялық орталықтың пациенттерін КВИ инфекциясынан барынша қорғау үшін қабылданып жатыр. Осы мақсатта қызметкерлерді ықтимал инфекцияға тестілеу үнемі жүргізіледі. Біздің пациенттер консультациялар мен амбулаториялық ем ала алады, сондай – ақ стационарлық және жедел емдеу үшін ауруханаға жатқызылуы мүмкін, – деп атап өтті Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметінде.

Инфекциядан қалай қорғануға болады?

Онкологиялық науқастардың көпшілігі әуелден әлсіз болатынын ұмытпау керек, ал химиялық терапиядан, хирургиялық және сәулелік терапиядан кейін олар коронавирусқа төзімсіз болады.

Сондықтан

дәрігерлер онкологиялық науқастардың жақын туыстарына және қамқоршыларына вакцина алуға кеңес береді

– Егер науқас радиациялық немесе химиотерапиядан кейін немесе операциядан кейін ауруханадан шығарылса, ол туыстарымен және достарымен араласуды сиретуі керек, сондай-ақ қоғамдық орындарға бармауы қажет. Таза ауада серуендеп, дәрумендер қабылдау ұсынылады. Гигиена шараларын сақтауы, маскалар, көзілдіріктер киіп жүруі міндетті. Вирустың ағзаға ене алатын әлсіз жерлер бұл – көз, тыныс алу жолдары, ауыз қуысы. Әрине, қолды мұқият жуу керек. Өз-өзіңе қатаң тәртіп белгілеу керек. Өзімізді инфекциядан барынша қорғау өз қолымызда, – деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қатерлі ісік статистикасы

Сонымен қатар, 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісіктері бар пациенттердің саны 173,5-ті құрады. Абсолютті түрде 32 526 жаңа жағдай анықталды. Сырқатқа шалдығудың төмендеуі 11,4%-ды құрады.

  • Онкологиялық аурулар құрылымында бірінші орында – сүт безі обыры (13,2%) тұр
  • екіншісінде – өкпе обыры (10,4%)
  • үшінші орында – тоқ ішектің обыры (9,6%)

Ауырғандардың жас құрылымында 56%-ын еңбекке қабілетті жастағы адамдар құрайды.

Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінің деректері бойынша 2020 жылы қатерлі ісіктерден болған өлім-жітім көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 75,5 құрады, бұл 14 150 оқиға

Өлім-жітім құрылымында бірінші орында өкпе обыры (16,4%), екінші орында — асқазан обыры (11,5%), үшінші орында — тоқ ішек обыры (10,7%) және сүт безі обыры (7,8%) тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз