Ерте ме, кеш пе, жалған төлқұжат сатып алғандар вакцина алғысы келеді. Сол кезде қиындыққа жолығады.
2021 жылдың 15 шілдесіндегі мәліметтерге сәйкес, 4 705 675 адам коронавирустық вакцинаның бірінші компонентін, екіншісін – 2 597 505 адам алды
Алмаз Шарман
Профилактикалық медицина академиясының профессоры және президенті Алмаз Шарман негізінен вакцинацияланбаған азаматтар жансақтау бөліміне түсіп, қайтыс болатындығын атап өтті. Вакцина вирус жұқтырудан сақтануға 100% кепілдік бермегенімен, ол ауыр асқынулар мен өлімнен сақтайды.
Оның қытайлық па, ресейлі пе екендігі маңызды емес.
Вакцинацияланғандар арасында жұқтыру жиілігі – бұл вакцинацияланбаған адамдарға қарағанда біршама төмен
Профессор вакцинация қарқынын жеделдету үшін күшейтілген түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет деп санайды.
– Бүгінде
пандемия “жасарды” — коронавирус жастарға жұғуда
Әрине, бүгінде ештеңе де, ешкім де 100% кепілдік бермейді. Дегенмен, вакцина – бұл пандемиядан шығып, жақындарынан айырылып қалудан қорықпай, бұрынғы өмірге оралудың жалғыз жолы.
Егер вакцинация қарқыны төмен болса, жұқтырғандар санының өсуі жалғасады және тағы да аурухана төсектері жеткіліксіз болады
Бүгінде бізде халықтың 2/3 астамы екпе алмаған. Бұл адамдардың барлығы коронавирустың одан әрі таралуына ықпал етеді. Мутацияланған “Дельта” штаммы да өз үлесін қосуда, тез жұғады және агрессивті”, – деп түсіндірді профессор.
Алмаз Шарман вакцинация мәселесінде сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол бермеу керек деп санайды. Оны медицина қызметкерлерінің вакцинацияның жалған паспорттарын сатып, ал адамдар оны ойланбастан сатып алатыны ашуландырады. Алайда коронавирусты жұқтыру қаупі сақталады, сәйкесінше, олар вакцинациядан кейін жұқтырған науқас ретінде статистикаға енеді.
– Вакцинация паспорттарын сату –күпірлік, қолайсыз және мағынасыз. Бұл барлық этикалық нормаларға қайшы келеді. Оларды сатып алғандар өздерін қақпанға түсіріп жатыр
Себебі олар шынымен вакцина алғысы келетін сәт келеді, бірақ құжат бойынша олар вакцина алған болып есептеледі. Мен олардың өз әрекеттерін қалай ақтайтынын елестете де алмаймын. Мұндай азаматтар жалған төлқұжат сатып алғаны үшін жазалануы мүмкін”, – деп ескертті профессор.