Әлеуметтік желіде вахтамен жұмыс істейтін жігіттің жұмыс орнына айтқан әні елдің қызығушылығын туғызды.
Видео Instagram желісінде жарияланып, бүгіндері оны 90 мың адам тамашалаған. Видеода жұмысшы қазақ жігіті Құрмаш Махановтың “Аяулым” әнін орындайды.
Видеоны көргендер өткенін еске алып, ойға берілсе, тағы біреулері жігіттің даусына тәнті болған.
“Қазақтың барлық таланты вахтада жүр ғой”, “Жанды дауысқа не жетсін” деген арасында пікірлер бар.