Заманауи жырау атанған Жан Ахмадиев жас тоқал алғалы жатыр екен. Бұл оның үшінші әйелі болмақ.
Бұл туралы рэпердің өзі хабарлады. Айтуынша, қазір тойға дайындық жүріп жатыр. Жан Ахмадиевтің үш баласы бар. Біріншісінен, яғни, азаматтық некедегі әйелінен 9 жастағы бір ұл, заңды некедегі әйелінен екі қыз тәрбиелеп отыр, деп хабарлады Stan.kz.
«Қазір тойға дайындалып жатырмыз. Айжан күзде 18-ге толады. Сол кезде бірден үйленеміз деп отырмыз. Индира, яғни, әйелім барлық жағдайды біледі. Келісімін алғанмын. Тіпті, Айжан екеуімен бір шаңырақ астында тұрсақ деген де ойымыз болған. Бірақ, екі әйелім екі үйде тұратын болды. Мен сол екі үйдің ортасында жүремін», – дейді рэпер.
Жан Ахмадиевтің 17 жастағы сүйіктісі – Шымкенттің қызы. Тура қазір облыстық колледждердің бірінде оқиды.
«Бұйыртса ,Айжанға өзім продюсер боламын. Ол әнші болуды армандап жүр. Арманына жеткіземін деп ойлаймын. Алдағы уақытта халық оның өнерін көріп, өз бағасын бере жатар», – дейді Жан Ахмадиев.
Айжан Қозыбаева, сурет әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды
Заманауи жыраудың өзі 30-ға енді ғана толды. Ал екі қыз тауып берген келіншегі – 26 жаста. Оның тоқал алуына махаббат пен «балаларым көп болса» деген арманы себеп болыпты.
https://kaz.365info.kz/ketti-onyn-betin-byzyp-zhan-ahmadiev-bayan-makhsatkhyzyn-reppen-zherden-alyp-zherge-saldy-261251
«Әкем кезінде әкім болды. Маған үш үй алып берді. Сондықтан екі әйелді бағуға толықтай шамам жетеді. Қыздар менің талаптарыма келісіп отыр, жағдайым бар. Сондықтан қазақтың санын көбейтудің айыбы жоқ деп білемін»,-деп толықтырды ол.
Жан Ахмадиев әйелі Индирамен бірге
Рэпер мен болашақ әншінің туыстары танысып, тойға келісіп те қойған көрінеді. Сондықтан қазір Ахмадиев мырза салтанатты кешті ұйымдастыру шараларына кірісіп кеткен. Неке тойын Алматының төрінде дүркіретіп атап өтеміз деген ол, ақ көйлек кию Айжанның арманы екенін де тілге тиек етті.