Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Утилизация: Ескі көлігіңізді өткізсеңіз, 150 мың теңге аласыз

Рустам Темірбек, «Оператор РОП» ЖШС директоры:

-Әр қаланың шетінен арнайы алаңдар ашып қойдық. Өтінішті сонда апарса болады. Ал утилизацияға кез-келген көлік қабылданады. Тек қаңқасы, есігі мен қозғалтқышы болса, оған 48 мың теңге төленеді. Ал егер машина жүріп тұрса, 150 мың теңге береміз.

Бір қызығы, елімізде ескі көліктің көзін жоятын бірде-бір зауыт жоқ. Сондықтан жауаптылар жылдың соңына дейін кәдеге жарамайтын машиналарды тек жинаумен айналыспақ. Кейін автомобильдің аккумуляторы мен бөлшектерін сөгіп алып, қаңқасын металл шығаратын зауыттарға қайта өңдеуге жөнелтпек.

Қазақстанда қазір 5 миллионнан астам машина бар екен. Бір қызығы соның басым бөлігі яғни 3 миллионының шыққанына 10 жылдан асқан. Ал 1,5 миллионы мінуге жарамсыз. Сондықтан автопаркті жаңарту үшін утилизация керек. Бірақ жүргізушілер тозығынан құтылуға аса құлшынып отырған жоқ. Өйткені өтемақы тым мардымсыз. Нарықтағы бағамен мүлдем сәйкес келмейді. Сол себепті, мақтауы асырылған жобаның іске асарына сарапшылар күмәнмен қарайды.

Эдуард Эдоков, Тәуелсіз автомобилистер одағының төрағасы:

– Бұл күлкілі жағдай. Ескі көлік үшін берілетін ақша тым аз. Сондықтан тозығы жеткен машиналардан құтыламыз деген бос сөз. Мен бұған сенбеймін.

Тек шенеуніктердің сөзі оптизмге толы. Алдымен жеңіл автомобильдерден құтылып болғаннан кейін жүк көліктерімен айналыспақ.

Ауқымды жоба Астана мен Алматыда және барлық облыс орталықтарында жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, жүргізушілердің ескі көлігін өткізіп, жаңасына жеңілдікпен қол жеткізуге мүмкіндігі бар. Яғни тозығы жеткен автомобиль үшін 350 мың теңгенің сертификатын алып, Қазақстанда құрастырылған жаңа көлікке алғашқы жарна ретінде төлеуге болады. Бірақ бұл кейбір құжаттарға өзгеріс енгізуді талап ететіндіктен сәл кейін іске асырылмақшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз