Атлеттер ауылында Универсиада кезіндегі спортшыларды тамақтандару мәзірі таныстырылды.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Атлеттер ауылындағы асханада 5 түрлі тағам мәзірі ұсынылмақ. Олар: қазақтың ұлтық дастарханы, азиялық, еуропалық, вегетарияндық және халал тағамдар.
«Әлемнің барлық асханаларындағы ас мәзірі дайындалмақ. Ас мәзірінде пицца, стейктер, паста, спринг-ролл, «Том Ям» тай елінің сорпасы және тағы басқалары бар. Әрине, қазақ ұлттық тағамдары да әзірленеді. Асханаларда спортшылар үшін қазақтың ұлттық дәмдерін беретін шайхананың жұмысы ұйымдастырылады. Қонақтарымыз асылған ет, қуырдақ, нарын секілді тағамдарымыздың да дәмін тата алады», -деді Royal Catering компаниясы бас директорының орынбасары Индира Ахметова.