Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Универсиада кезінде ақпараттық желілерді ресейлік компания қорғайтын болады

Бұдан бөлек, «Доктор Веб» мамандары шараның IT-инфрақұрылымын қадағалайды. Осы орайда, бүгін Алматыда «Доктор Веб – Орталық Азия» компаниясы мен 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясы ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды BNews.kz.

«Ақпараттық қауіпсіздік – Алматыда өтетін Универсиаданың жалпы қауіпсіздік жүйесіндегі ең маңыздысы. Біз «Доктор Вебпен» бірлесе жұмыс істеу арқылы Алматыда өтетін алдағы дода кезінде IT-инфрақұрылымымыз сапалы қорғалады», – дейді 2017 жылғы Универсиада дирекциясы директорының орынбасары Камила Лұқпанова.

«Доктор Веб» компаниясы Dr.Web лицензиясын ұялы телефондар мен персоналды компьютерлерге ұсынбақ. Сондай-ақ, ойындар уақытында IT-инфрақұрылымды қорғау үшін Dr.Web Office Shield-пен қамтамасыз етпек. Универсиаданы ұйымдастыру мен өткізу уақытында жұмыс станциялары, серверлер мен ұялы байланыстарды вирустық шабуылдан қорғау үшін компанияның ең соңғы үлгідегі құрастырмаларын ұсынады.

«Доктор Веб» компаниясы үшін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ресми серіктесі атану зор мәртебе. Біз өзімізге жүктелген жауапкершілікті сезінеміз. Жарысқа қатысы бар барлық заттар мен оның ақпарат құралдарында көрсетілуі тікелей компьютерлік техникаларға қатысы бар. Сондықтан, біздің технологиялар мен көп жылдық тәжірибеміздің арқасында кез-келген ғаламтор-шабуылдарына төтеп бере аламыз», – дейді «Доктор Веб – Орталық Азия» ЖШС директорының орынбасары Виталий Бугаев.

Айта кету керек, «Доктор Вебтің» халықаралық спорттық шараларда қызмет ету бойынша тәжірибесі бар. Бұл компания 2011 жылы Алматы мен Астана қалаларында өткен 7-ші қысқы Азия ойындарында жұмылдырылған ұялы байланыстар мен персоналды компьютерлердің ақпараттық қауіпсіздігін қорғаумен айналысқан болатын.

28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында өтеді. Қысқы Универсиада бағдарламасына 12 спорт түрі кірген. Универсиада уақытында 3 мың ерікті жұмылдырылады. 30 мың отандық және шетелдік туристер келеді. Универсиаданы 80 елден 1 млрд адам тамашалайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз