Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Универсиадаға дайындық жұмыстары ойдағыдай жүргізілуде

Спорт түрлері мен нысандар
Универсиада бағдарламасына сай бә­секелер спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Олар – тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жа­рысы, шаңғы қоссайысы, шаңғымен трам­плиннен секіру, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер), сноуборд, фристайл, мә­нерлеп сырғанау, шорт-трек, коньки және кёрлинг.
Универсиаданы өткізуге 127 халықара­лық төреші мен 600-ге жуық ұлттық тех­ни­калық маман жұмылдырылады. Жарыс­тар­ды өткізуге қатысатын барлық төрешілер алқасы әрбір спорт түрі бойынша ұлттық және халықаралық федерациялармен бекі­тіледі.
Жарыстар 8 спорт нысанында өтеді. Олар – «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты, «Медеу» мұз айдыны, «Сұңқар» халықара­лық шаңғы трамплиндерінің кешені, Ба­луан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешені, «Табаған» спорттық ойын-сауық кешені, «Алматы арена» (12 000 көрермен­-ге арналған мұз сарайы), «Халық арена» (3 000 көрерменге арналған мұз аренасы).
«Сұңқар» ХШТК, «Алатау» ШБК, «Шымбұлақ» ТШК гомологацияның ха­лықаралық сертификаттарын алды. Қалған нысандар үшін сәйкестік сертификатын трас­саларды әзірлегеннен кейін және мұз­ды нысандарда мұз дайындалған соң алу жоспарлануда. Дайындық үдерісін іске асы­ру үшін үлгілік операциялық жоспарлар әзірленді. Онда нысанның барлық опера­ция­лары, басқару жүйесімен барлық қыз­меттердің жалпылама жұмыс істеуі сипат­талған.
Қатысушы елдерді аккредитациялау
Халықаралық студенттік спорт феде­рациясының (FISU) ережелеріне сәйкес, ұйымдастырушы комитет 2016 жылдың 29 қаңтарында, яғни Универсиаданың бас­талуына бір жыл қалғанда барлық ел­дердің ұлттық студенттік спорт федерацияларына шақырту қағаздарын жолдады. Күні бүгінге дейін 56 мемлекет аккредитациядан өткен.

Ойындарды басқару орталығы
Жарыс күндері Almaty Towers бизнес кешенінде ойындарды басқару орталығы жұмыс істейтін болады. Осы жерде Универ­сиаданы өткізу барысының тәуліктік он­лайн-мониторингі жүзеге асырылады.
Аталған жүйе Халықаралық студенттік спорт федерациясының ұсыныстарына сәй­­кес әзірленген. Орталық «С4 тұжырым­дамасы» (төрт ағылшын сөзінің аббревиа­турасы: команда, бақылау, коммуникация және үйлестіру) деп аталатын Универ­сиа­даның заманауи тұжырымдамалық идея­-сын қолданумен ұйымдастырылады.
Ойындарды басқару орталығы жұмысы­ның шеңберінде келесі функционалдық орталықтар құрылатын болады:
Бас операциялық орталығы;
Спорттық командалық орталығы;
Аккредитациялау орталығы;
Атлетикалық ауылды басқару орталығы;
Технологиялық операциялық орталығы;
Бас еріктілер орталығы;
Халықаралық хабар тарату орталығы;
Бас баспасөз орталығы және басқалары.

Сервистік қызмет көрсету
Қатысушыларды қарсы алу мен шыға­рып салу көлікпен қамтамасыз ету. «Алматы халықаралық әуежайы», Алматы-1 және Алматы-2 темір жол вокзалдары – Универ­сиада қатысушыларының келу және кету бойынша ресми пункттері. Болжам бо­йын­ша, Универсиадаға қатысушылардың 90 пайызы Алматы қаласының халықара­лық әуежайына тікелей халықаралық әуе рейстері арқылы келеді. Өту уақытын үнем­деу үшін төлқұжат бақылаудың жеке ка­биналары мен кедендік бақылаудың жеке дәліздері болады. Универсиадаға қатысу­шылардың жүктері арнайы багаж бирка­ларымен белгіленеді, ол биркалар қатысу­шыларға алдын-ала жіберіледі. Арнайы багаж биркасының болуы Универсиада қа­тысушыларының жүктері үшін басым қыз­мет көрсетуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Әуежайға қонған соң, келушілерді құ­жат тексеру жиегінде арнайы амандасу таяқ­шаларын ұстаған дирекция өкілдері қарсы алады.
Алматы қаласының темір жол вокзал­дарында Универсиадаға қатысушыларын қолында амандасу тақтайшалары бар ұйым­дастырушы комитеттің қызметкері қарсы алады және оларды вокзал терминалына дейін шығарып салады. Темір жол вокзал­дарының терминалдарында ұйымдастыру комитетінің үстелдері орналасқан. Келген Универсиада қатысушыларын үстелде тек­сергеннен кейін, ұйымдастыру комитетінің қызметкері оларды көлікке жеткізеді. Қа­ты­сушылар орналасу орындарына жібе­рі­леді.
Универсиада қатысушыларын орналас­тыру орнында ұйымдастыру комитетінің ақпараттық үстелдері болады. Ақпараттық үстелдерде көлікті ұйымдас­тыру, әуе ком­паниялары мен пойыздардың рейстері ту­ралы ақпаратты ұсыну, рейске online-тір­кеуді ұйымдастыру жүзеге асы­рылады.
Универсиаданы өткізу уақытында ав­токөліктік 519 бірлігін пайдалану жоспар­ланып отыр. Бастапқыда автокөлік құрал­дарын сатып алу жоспарланған болатын. Бюджетке автокөлікті жалға беру пайда­сына қарай оңтайландыру жүргізілгеннен кейін, Универсиадаға көліктік қызмет көр­сетудің жоспарланған шығындары 4 есе қысқар­тылды.
Алматы қаласының ІІД бірлесе отырып, Универсиаданың аккредитациядан өткен көліктердің негізгі және баламалық қозға­лыс бағыттары бекітілді. Барлық көлік құ­ралдары GPS навигатормен жабдықта­-лады. Олар көліктерге бақылау жүргізу мен пайдалануды астарлықтай тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Универсиадаға дайын­далу және өткізу кезінде автокөліктердің жүріс-тұрысын бақылайтын арнайы дис­печерлік орталық іске қосылатын болады.

Орналасу және тамақтану 
Болжамдық мәліметтер бойынша, Ал­маты қаласындағы Универсиадаға дайын­далу және өткізу ке­зеңінде шамамен 30 мың шетелдік және жер­гілікті турист келеді деп күтілуде.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметтері бойынша, мегаполис қонақтарын орна­ластыру мәселесін шешу үшін 133 нысан (қо­нақүйлер) өз жұмысын жүзеге асыратын болады, сол нысандарда бір уақыттағы сыйымдылық – 12 696 төсек орны, 7 747 нөмір бар. Барлық санаттағы төсектердің тәуліктік орташа бағасы – 12 295 теңге. Қа­зіргі уақытта Алматыда: 5 жұлдызды – 6 ны­сан, 4 жұлдызды – 25 нысан, 3 жұл­дызды – 26 нысан, санатсыз – 65 нысан қо­­нақ­үйлер, басқа да – 11 нысан орна­ласқан.
Оңтүстік астана қонақтарының ыңғай­лылығы үшін Recommended by U анықтама кітабын шығару жоспарланған. Ол Алматы қаласының кеңес берілетін орындары – мейрамханалар (кафе, лаунджи ж.с.с.), қонақүйлер, ойын-сауық орталықтары ту­ралы ақпараттан тұрады.
Универсиада кезінде 2 мыңнан астам спортшы, сондай-ақ спорт делегация­ла­рының мүшелері Атлетикалық ауылда тұ­рады. Сонымен қатар 1000 шамасындағы қонақтарды Алматы қаласының және Ал­маты облысының қонақүйлерінде орна­ластыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта бар­лық санаттағы қонақүйлермен белсенді жұмыс жасалуда.
Универсиада кезінде спортшылар мен делегаттар, FISU техникалық делегаттары, халықаралық техникалық мамандар (ITO), ұлттық техникалық мамандар (NTOs), ерік­тілер, БАҚ өкілдері, медицина қыз­мет­кер­лері, Ұйымдастыру комитетінің қызмет­керлері, FISU отбасы және басқалар үшін тамақтандыру ұйымдастырылатын болады.
Универсиада кезінде спортшылар мен делегаттар үшін Атлетикалық ауылда 1000 отыру орындары бар асханалар жұмыс іс­тей­тін болады, онда тамақтың 5 түрі ұсы­нылады: қазақ/ұлттық, еуропалық/ жерорта теңізі, азиялық, вегетариандық, халал.
FISU талабы бойынша атлеттердің күн­дізгі тағамының нормасы (4000-4500 құ­нарлығы) анықталды, ол ас мәзірін құру кезінде ескеріледі.
Еріктілер үшін тамақтандыру ланч-бокс түрінде ұйымдастырылады. Әр нысанның коммерциялық аймағында көрермендер мен жанкүйерлерге арналған тамақтану ұйымдастырылады.
Алматы қаласы Тұтынушылардың құ­қықтарын қорғау департаментімен бірлесе отырып, тамақтануды бақылауды ұйым­дас­тыру бойынша бірлескен іс-шаралардың жоспары әзірленді. Осы жоспарды жүзеге асыру Универсиаданың қатысушылары мен қонақтарының санитарлық-эпидемио­ло­гиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуден тұрады. Бақылау нысандарының гигиена­лық нормативтерді орындауына зертхана­лық зерттеулер мен аспаптық өлшеудің міндетті жинағымен жүзеге асырылады.
Медициналық қызмет көрсету және допинг-тексеру. Алматыдағы 2017 жылғы 28-дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өт­кізу кезінде медициналық қызмет барлық қатысушылар: спортшыларға, команда мү­шелеріне, жаттықтырушыларға, қолдау көр­сетушілерге, көрермендерге, лауазымды тұлғаларға, шақырылған тұлғаларға, FISU делегациясына (FISU отбасына), БАҚ өкіл­деріне, қызмет көрсететін қызмет­кер­лерге, техникалық жұмысшыларға, еріктілерге көр­сеткіш бойынша уақытылы білікті ме­ди­циналық және психологиялық көмек көр­сетуге дайын.
Ойындарды өткізу уақытында Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқар­ма­сының, Спорттық медицина және оңалту орталығының, «Катастроф» медицина орта­лығының, «КазАвиоСпас» оңтүстік аймақтық филиалының медициналық мамандары, сондай-ақ ағылшын тілін бі­летін еріктілер ретінде медицина уни­вер­ситетінің студенттері мен түлектері тар­ты­лады.
Медициналық көмек көрсету үшін Ал­маты қаласының 8 стационары жұмыл­ды­рылады. Универсиадаға жедел медицина­лық көмектің 30 бригадасы тартылады.
Атлетикалық ауылда спортшылар мен аккредитациядан өткен тұлғаларға амбула­торлық көмек көрсету үшін медициналық орталық (спорттық дәрігерлер, травма­то­лог-дәрігерлер және басқа мамандар, зерт­ханалық-диагностикалық блок, изолятор, дәріхана) және сауықтыру-оңалту іс-шара­лары (физиотерапия, ЛФК, массаж) жұ­мыс істейді. Универ­сиаданың шұғыл нау­қастар үшін ресми ауруханаларына ке­дергісіз қабылдау ұйымдастырылады.
Құтқарушы дәрігерлер үшін спорттың қысқы түрлеріне медициналық көмек көр­сету және тау дайындығы бойынша оқыту, сонымен қатар медициналық қызметкер­лерге допингке қарсы кодекс бойынша оқытатын тренинг-семинарлар жүргізіледі.
Медициналық көмек көрсету жағдай­ларын тіркеу ағылшын тілінде арнайы фор­мада (анықтама карточкасы) толтырылуы керек. Қазіргі уақытта медициналық қыз­меткерлердің 130-дан астамы ағылшын тілін оқиды.
Әрбір спорттық жарыс нысанында және Атлетикалық ауылда допинг-бақылау стан­салары ұйымдастырылады. 2017 жылғы Универсиада дирекциясы FISU медицина­лық комитетімен бірлесе отырып, Алматы қаласындағы 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың допинг-бақылау рәсімдерін, сондай-ақ спортшыларды тестілеуді бөлудің жоспарын әзірледі. До­пинг бақылау рәсімдері тестілеуге арналған Дүниежүзілік допингке қарсы күрес ко­декстің және Халықаралық стандарттың ере­желеріне сәйкес жүргізіледі.
Нысандардағы қауіпсіздікті қамтама­-сыз ету. Универсиада нысандарындағы қауіпсіздікті 6,5 мыңнан астам құқық қор­ғау органдарының қызметкері қамтамасыз етеді. Алматы қаласының Ішкі істер депар­таменті 2017 жылғы Универсиаданың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз етудің тұжырым­дамасын әзірледі.
Универсиада нысандарындағы қауіп­сіздікті және құқықтық тәртіпті қамтама­сыз ету үшін Ішкі істер, Төтенше жағдай­лар, Алматы қаласы бойынша Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің департаменттері және басқа уәкілетті органдар қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жө­ніндегі ведомствоаралық жоспарды жүзеге асыру мақсатында жұмыс тобын құрды.
Ай сайын Универсиаданың құрылысы салынған нысандарын тексеру жүзеге асы­рылады, радиациялық және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.

Мәдени шаралар
Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-дү­ниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу кезеңінде Ойындардың ашылу және жа­былу салтанаттары, сонымен қатар мара­паттау мен қатысушы елдерді қарсы алу сал­танаттары өтетін болады.
Ашылу салтанаты 2017 жылдың 29 қаң­тарында 12 мың көрерменге арналған мұз сарайында өтеді. Ойындардың ресми бас­талуы алауды тұтатудан басталады. Сал­та­наттың маңызды бөлігі болып арнайы мә­дени бағдарламаны көрсетумен бірге, қа­тысушы елдердің шеруі табылады.
Жабылу салтанаты 2017 жылдың 8 ақ­панда қорытындыланады. Ойындардың ресми жа­былуы FISU белгісін 29-дү­ние­жүзілік қыс­қы Универсиаданы ұйымдас­тырушы қала Красноярскге тапсырумен өте­ді, ат­лет­­­тер­дің жалпы маршы болады.
FISU ережелеріне сәйкес, ойындардың жеңімпаздарын марапаттау дәстүрі қаланың орталығында ұйымдастырылады. «Медаль Плаза» марапаттау салтанатын қала тұрғын­дары мен қонақтарының, сонымен қатар қатысушы-жеңімпаздардың, ұйымдасты­рушы комитеттің және FISU өкілдерінің қатысуы арқылы өткізуді көздейді. Алматы қаласында Республика сарайында 61 мара­паттау рәсімі өткізіледі. Онда ойындардың бой­тұмары – Сұңқармен бірге медальдар та­быс­талады.
Сонымен бірге, жарыстар басталғанға дейін шетелден келген делегациялар үшін Атлетикалық ауылда қарсы алу салта­нат­тары өткізіледі. Дәстүр бойынша қарсы алу салтанатынан кейін Ту аллеясында қаты­сушы елдердің тулары ілінеді.

2_universiada_2017_4

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз