Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Универсиадаға дайындық: Алматы әкімі әуежай жұмысын жақсартуды талқылады

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Жұлдыз Омарбекова партия филиалының әуежай жұмысына сараптама жасағандығын, соның барысында бірқатар кемшіліктердің анықталғандығын айтты. Ол өзінің сөзінде көлік тұрағы жүйесін қайта қарауды, Алматы қаласы Туристік ақпараттық орталыққа ұқсас ақпараттық тумбаларды орнатуды, такси қызметін жақсартуды, жүргізушілер мәдениетін арттыруды, сонымен қатар «тыныш әуежай» кестесін енгізуді, ағылшын тілінде қайталайтын ақпараттық таблоларды орнатуды ұсынды.

Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Шибутов 2017 жылы Алматыға келетін жолаушылар санының артатындығын, ішкі және сыртқы туристердің көп болатынын, бұл әуежай жұмысының көлемін ұлғайтатынын, сондықтан оның қызметін жақсарту керектігін сөз етті.

«Қалалықтар мынадай: жүк аймағының жұмысын жақсарту, бірнеше жерге арыз-шағым кітаптарын қою, санитарлық тораптар жұмысын жандандыру пікірлер мен нұсқауларды ұсынып отыр. Егер залдарды кеңетуге мүмкіндік болмаса, көп орындықтар қою қажет», – деді Марат Шибутов.

Кеңестің жұмысын қорытындылаған қала басшысы әуежай жұмысын жақсарту туралы нақтылы тапсырмалар берді.

Бүгінгі күні әуежай тасымалдау көлемі бойынша елімізде жетекші орында. 2015 жылы 5 млн жолаушыға қызмет көрсетілді. Жолаушылардың қауіпсіздігі үшін мұнда видеобақылау жүйесі (852 видеокамера) жұмыс істейді. Бұлардан өзге ішкі ұшу мен келудің терминалы қайта жасалған. Шекаралық қызмет үшін бақылу – өткізу пункттерінің саны 32-ден 42–ге артқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз