Нұр-Сұлтан
Қазір
25
Ертең
28
USD
467
0.00
EUR
488
0.00
RUB
8.56
0.00

Украинада қарттар үйі өртеніп, 17 адам қаза тапты

Украинаның құтқару қызметінің басшысы Николай Чечеткин 16 мәйіт үйінділер астынан шығарылғанын, тағы біреуін алып шығу керек екенін айтты. Жапа шеккен тағы бес адам түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жеткізілді.

Жексенбі күніне қараған түні Киев облысының Броварский ауданы, Леточки ауылындағы екі қабатты жеке үй отқа оранды. Өрт туралы хабар жеткен уақыт – түнгі 3:48.

Үйде қарт адамдар уақытша тұрып жатқан. Алдын ала ақпарат бойынша, үйде 35 адам болған.

Төтенше жағдай қызметіндегілер апат теледидардың атылып кетуінен орын алуы ықтимал деп болжайды.

35 қарт тұрып жатқан Леточкадағы үйдің заңсыз қызмет еткені де белгілі болды. Бұл жайында жергілікті “112” телеарнасына берген сұхбатында Киев облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Максим Мельничук мәлім етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2022 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз