Украина президентінің кезекті сайлауы 2019 жылдың 31 наурызы, жексенбіге белгіленді. Мемлекет басшысы 5 жылдық мерзімге жалпыға бірдей жасырын дауыс беру арқылы сайланатын болады. ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы ӘЭСИ сарапшысы Жақсылық Сәбитов арнайы 365info.kz сайлау алдындағы жарысқа талдау жасады.
Барлық үміткерлерді 4 топқа бөлуге болады:
1. “фавориттер” (Владимир Зеленский, Юлия Тимошенко, Петр Порошенко),
2. “орташа” немесе “екінші эшелон” (әлеуметтік сауалнама бойынша 1,5-тен 10%-ға дейін),
3. “фриктер” (әлеуметтік сауалнама бойынша 0,01-ден 1,5%-ға дейін),
4. “спойлерлер” – олардың мақсаты “фавориттерден” және “орташалардан” сайлаушылардың дауыстарын тартып алу.
Қазіргі уақытта президент болуға үш үміткер-фаворит бар
Бірақ сайлауға дейін жағдай тағы да өзгеруі мүмкін, бұл бұрын да қайталанған.
2018 жыл бойы сарапшылар сайлау екі турда өтіп, екіншісінде Юлия Тимошенко шығатынына сенімді болды. Бірақ бұл болжамдар бір факторды ескермегенін көрсетті. Владимир Зеленскийдің “жүйелік үміткер емес” екенінің факторы.
Жаңа жылға дейін оның болашағы тұманды болды. 2018 жылы жазда жүргізілген сауалнама бойынша ол 8-10% көрсеткішпен 4-7 орында болатын және президенттікке үміткерлердің көшбасында болған емес. Бірақ күздің басынан бастап 11-14% көрсеткішпен көшбасшылар үштігіне жылдам еніп кетті.
2019 қаңтар айының екінші жартысында – 17-21% рейтингімен Зеленский 1 орын алды
13 ақпанда жаңа әлеуметтік сауалдардың нәтижелері бойынша бұл үміткер президенттік рейтингте көшбасшылығын нығайтып, 27-28% дауыс жинаған.
Украина президенті сайлауының үш ықтимал сценарийі бар.
1. Екінші турда – Владимир Зеленский және Петр Порошенко. Сарапшылардың көбі Зеленский жеңеді деп болжайды, себебі
Порошенко антирейтингтердің бірінші қатарында
және екінші турда сайлаушылар Зеленскийді қолдап емес, қазіргі президентке қарсы дауыс береді.
2. Екінші турда – Владимир Зеленский және Юлия Тимошенко. Мұндай жағдайда да көптеген талдаушылар Зеленскийдің жеңісін болжайды. Дегенмен, бірінші сценарий сияқты айқын емес. Тәжірибелі саясаткер ретінде Тимошенконың теріс үрдісті өзгертуге мүмкіндігі болады.
3. Екінші турда – Петр Порошенко және Юлия Тимошенко. Үміткерлердің бір-бірін жақтырмайтынын және олардың негізінен “қызғылт сары” (Украинаның батыс сайлаушылары) электоралды алаңында күресетінін ескере отырып, бұл жағдайда президенттікке күрес өте қатал болатынын болжауға болады. Сарапшылардың басым бөлігі Тимошенко жеңеді дейді.
Әзірге Президенттік жарыстың көшбасшысы – Зеленский. Алайда алдағы үміткерлердің дебаттары бәрін өзгертуі мүмкін, ал Тимошенко мен Порошенконың мүмкіндіктері әлі де жоғары.
Сондай-ақ, “орташалар” тобының кейбірі бірігіп, бір үміткердің айналасында шоғырлануы мүмкін. Ал ол біріккен рейтингпен “фаворит” станына кіре алады. Алайда бұл мүмкіндіктер 7 наурызда азаяды және нөлдік болады. Бұл президент креслосына барлық үміткерлер өз кандидатураларын алып тастай алатын соңғы күн.
Үміткерлердің басты мақсаты – екінші турға өту. Содан кейін жаңа күтпеген саяси ойын басталады және онда бәрі өзгеруі мүмкін.