Еуропалық одақ Украинаға 55 миллион еуро көлемінде қаржылай көмектің екінші траншын жіберді. Бұл жөнінде Украинаның қаржы министрлігінің сайтында хабарланды.
Ақша ұлттық валюта бойынша алынып, мемлекеттік бюджеттің шығысын қаржыландыруға жұмсалады.
Қаржылай көмек Украинаның коррупцияға қарсы заңдарына, мемлекеттік басқару және сайлау заңдарына реформа жүргізілгеннен кейінгі Еурокомиссияның берген бағасынан соң бөлініп отыр.
