Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Әуе лайнерінің бортында шылым шеккен шетелдік ұшақтан түсірілді

Тексеру барысында лайнер бортында  1981 жылы туылған Германия азаматының темекі шеккені анықталды.

Аталған факт бойынша, тәртіп бұзған 35 жасар Германия азаматы рейстен түсіріліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі 441 бабы 1 бөліміне (Жекелеген қоғамдық орындарда темекi шегуге тыйым салуды бұзу туралы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, аталған азаматқа үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әкімшілік айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері  Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 28 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде, 2133 адам – рұқсат етілмеген жерде темекі шеккені үшін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз