Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Уақытша үкімет мүшелері президент Атамбаевтан кешірім сұрауды талап етті

Уақытша үкімет мүшелері президент Атамбаевтың бұрынғы президент Роза Отунбаеваға қатысты дөрекі сынына ашулы екенін мәлімдеді. Олар Атамбаевтың билікке Отунбаеваның арқасында келгенін еске салды. Мәлімдеме авторларының айтуынша, президент Отунбаева 2010 жылы Жогорку Кенеш депутаттарын сайлауды және 2011 жылы президент сайлауын әділ өткізіп берді.

Уақытша үкімет мүшелерінің мәлімдеуінше, олар Роза Отунбаеваның ар-ожданын қорғайды және президент Атамбаевтан көпшілік алдында кешірім сұрауын талап етеді.

Бұған қоса, олар қоғамның бейбітшілігі үшін 2010 жылғы сәуірде қабылдағанған шешімнің жауапкершілігін мойындарына алатынын мәлімдеді.

C4A00943-AA62-46A4-A371-46BD19620507_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз