Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Тұштаңдамайды, ішпейді”. Қайрат Нұртас Нюша екеуінің қарым-қатынасы жайлы айтып берді

133

Бұл туралы Қайрат Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сүхбатында айтты деп хабарлады Stan.kz.

«Нюша – өте ақылды, еңбегі зор әнші.

Басында орыс қызы табиғаты басқа шығар деп ойлағам. Бірақ Нюша өте еңбекқор, тәрбиелі қыз болып шықты. Тұштаңы жоқ, ішпейді.

Қарап отырып сүйсінесің. Нюшаға: «Алматы түні» деген әнім бар, дуэт жазсақ қалай болады?» деп айтқанымда: «Болды, бір ауыз сөзің», – деп айта салды, ештеңе сұраған да жоқ.

Ал енді қарап отырсаңыз, соның арқасында қанша қазаққа танымал болып, қазір нанын жеп жатыр.

Содан кейін Нюшаны қанша адам жақсы көріп қалды, Қазақстанға тойға келіп жатыр. Құдай оған бақ берсін деп тілеймін. Бәрі көріп тұр оның еңбегін, шынайылығын. Біз Нюша екеуміз жақсы дос боп қалдық», – дейді Қайрат ағынан жарылып.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз