Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-18
USD
420
0.00
EUR
510
0.00
RUB
5.72
0.00

Тұрсынов жылды қорытындылады: “Жаңа ештеңемен таңғалдырмады»

Жыл өзінің кібісе жыл екенін толық дәлелдеді. Тіпті асыра дәлелдеді деуге де болады. Дегенмен, алдыңғы жылдардан қандай айырмашылығы болды, соны түсініп, тұжырымдау қажет.

Әрине, вирус көптеген жоспарды бұзды. Алайда, нақтылап қарасақ, расымен кедергі болды ма? Кей жерлерде тіпті оңынан болған сияқты

Бұлай тұжырымдау күпірлік болғанымен, бірақ қажетсіз мерейтойлар, үйлену тойлар, мейрамдату және басқа да іс-шаралар саны айтарлықтай азайды. Бұлар өз кезегінде үлкен шығын келтіріп жүрген еді.

Алайда, тағы да ойлансақ, біздің елде ақша санайтын біреу бар ма? Ақша санай алу да қажетті дағды ғой. Шұлық пен қамбаларға тықпай, жаратудан қорықпай, дұрыс жарата білу. Белгілі болғандай, біз ақша жарата алмаймыз. Ақша табуда да ақсап жатырмыз.

Бірақ соған қарамастан, қалтамыздан тиын-тебен табылады. Инфляция мен банктік қиындықтарға қарамастан. Туған мемлекетіміз қанша деп өлшеп берсе, сонша көлемде ақшамыз бар. Олар мұны мұқият қадағалап отыр. Туған күнімізге шұлық пен футболка алуға жеткілікті. Одан бөлек, несие бойынша пайыздарды төлеу керек, ипотека, балабақша, мектеп, университет, қонаққа әрі-бері бару, салықтар, кафе мен киноға бірнеше рет баруға жетеді. Айтпақшы, киноға бармағалы да көп болды…

Тағы не?

Жаңа президентпен екінші жылды өткізіп жатырмыз. Біздің жағдайда мен мұны жетістік деп қарастырамын

28 жыл бойы бір президент болып келді де, ойда-жоқта басқасы келді. Бұл тосынсыйға да тез үйренісіп кеттік (…)

Тоқаевтың жолы ауыр болды. Көптеген қиындықтарға тағы мынау қосылды. Ковидті айтам… Онымен қалай күресті және күресіп келеді — басқа мәселе. Шын айтсам, бақылау жиіркенішті. Менің жылдар бойы айтып келе жатқаным орындалды. Дәрігерлеріміз — ер, ал медицина жарамсыз. Бұл жалпы алғанда. Ал жергілікті қарастыратын болсақ әр жерде әрқалай. Бірі ұйқысыз түндерден ісіп кеткен көздерімен күнделікті ерлік жасап жүрді, басқалары қайғылы жағдайды пайдаланып, тиын істеп қалғысы келді — барлық жердің өз Бекшині бар. Оларсыз ешбір қайғылы жағдай мүлт кетпейді.

Менің өкінішіме қарай, мәдениет ешқайда жылжымады. Елдің жартысы қытай кеспесін жеп отырғанда қайдағы мәдениет?

Есесіне бұл солқылдақ саладағы жетістіктер үшін мемлекеттік сыйлықтар аямай берілді. Бұл киелі саналады. Сыйлықтарды айтам, кеспені емес. Бірақ бұдан мәдениет зардап шеккен жоқ. Нақтысында, жақсарған жоқ дегім келген. Бәрі бұрынғыдай, түкіргендер түкіріп, төбелескіштер төбелесіп, ұрлықшылар ұрлап-ақ жүр. Иттерді қылқындыру әлі де жалғасуда. Өзгеше ойлайтындарды сыйдырмау да сол қалпы. Мәдениетті пайызбен өлшеуді де қоймады. Мәдениетке жауапты адамдар ешбір тілде екі сөздің басын қоса алмай, “ағымдағы жылдың жасалған істеріне есеп” дегеннен басқаны білмейді. Микрофон алдында шатасып, терлеп әлі жүр.

Ал айналаңа қарасаң — бәрі өзіміз сияқты. Парламент орнында отыр: тыныш, қолдан тамақ жеуде. Үкімет те орнында. Басқарып отыр. Президент те. Аппарат та. Тіпті Әблязов та өз орнында. Үрей туғызып, әшкерелеуді жалғастырып жатыр. Контора да митингке қатысушыларды бақылауда.

Бірақ, митингке қатысу бағасы төмендеп кетті деген сыбыс бар. Бұрыңғыдай емес. Жай қарап тұрсаң, бір. Айғайлап, бүлік шығарсаң, басқа. Билік мұны түсініп, қолғабыс жасады:

митингшілерге еркіндік беріп, ереже дайындады. Енді шулауға болады, бірақ тыныш әрі ұйымдасып жасау керек. Және барынша қадағалауға болатындай.

Алайда, ойлап қарасақ, митингтер әскери күштер мен шенеуніктерге қажет. Бейбіт әлемде олардың мансабы тез өсуі өте сирек.

Басқалардың да өз істері бар сияқты. Полиция сергек, халық ауыр дем алуда, “жұлдыздар” қосылып, ажырасуда, олигархтар жұмбақ жымиюда, ал жемқорлар схема дайындауда. Ал оларды мұқият бақылап отыр. Бірақ мұнда да бір нәрсені ұққан сияқтымыз: бізде ақша ұрлаған адам ұры емес, ұсталған адам ұры.

Әкімшілік пен министрліктерде бәрі қауырт жұмыс істеп жатыр. Бас көтеретін де уақыттары жоқ. Бастан асады. Жұмыс өте көп. Таң атпай келеді, түн батқанда қайтады: көздері қызарған, дауыстары қарлыққан. Түрлеріне қарау мүмкін емес. Шайтанға ұқсайды. Алаңдауға да ұят. Болмашы нәрселер үшін. Мектептің жағдайы не болады деп сұрайыншы дейсің. Оқулықтардың да мәселесін шешу керек еді. ҰБТ да келе жатыр.

Жүйке шыдамай барады. Мұғалімдердің де… жұмысын жеңілдету керек еді. Жалақысын көтеру керек пе, немесе жеңілдіктер ойлап табу керек пе. Бүгін оларға жеткілікті төлемесек, ертең дәрігерлерге, менттер мен адвокаттарға көбірек төлеу қажет болады, бұл бұрыннан түсінікті емес пе. Бұлай болмайды (…)

Универлер де… Олардың дипломының мәні не? Бәрібір қазір кәсіби дилетанттардың кезеңі, сәйкесінше, диплом көбіне қажет емес. Әсіресе жұмыс берушілерге. Әсіресе біздің дипломдар.

Көңілге шынымен қаяу түсіретіні: ақылды адамдар жоғалып барады. Тіпті тұқымдас ретінде жоғалғандай. Кейде “элита” дейтіндерді теледидардан көріп қаласың да, таңғаласың. Мен кино түсіріп жүргенде бұл ұғымды өзгертіп жіберген бе, әлде осыларды “элита” дей бастаған ба, түсініксіз.

Өздерінше кеңесіп отыр, түрлеріне қарасаң, ештеңе түсініп отырмағанын ұғасың. Есесіне ойланып отырғандай түр жасайды, сонысымен адам топастығының шегі жоқ екенін дәлелдейтіндей. Осындайда басқа түріл ой келеді: халық көп, ал адамдар қалмады. Таңдайтын да ешкім жоқ. Сондықтан бар адамның ішінен таңдайды.

Президентпен кездескенім есімде. Жақсы адам. Адал. Бірден көрініп тұр. Мен оны сыйлаймын, сондай-ақ жаным ашиды. Кімге сеніп жүр? Кімге арқа сүйейді? Мыналарға ма?

Кімге жолдау жасайды? Олар тіпті оны естімейді де ғой. Оларға цифровизация, креативті экономика туралы айтып жатқанда, олар өз бетінше басқа бірдеңені ойлап отыр. Құл болу туралы. Өмірлері жалғасқанымен, биографиясы баяғыда аяқталғаны көрініп тұр. Ал уақыт өтіп жатыр. Енді оларға кері бағытта. Бір жылдан асты. Не болды? Қырық екі мың бес жүз?..

Мұның бәрінен шаршағандар баяғыда кетіп қалды. Шыдамады. Енді, міне, шыдамдылары да кетіп жатыр. Бұрыңғы президент таң қалып жатыр, неге қашып жатсыңдар, болашақта бәрі күшті болады, дейді. Ал олар болса чемодандарын жинап, отыз жылда өзгермеген дүние, қалай бір сәтте өзгереді, дейді. Оларға не деп қарсылық білдіресің? Өздері үшін емес, балалары үшін көшіп жатыр.

Ал мында ресейлік думаның ақылсыздау шенеунігі сыйлықтарды қайтарып беріңдер деп шықты. Қандай сыйлықтар?

Бұл, біріншіден. Екіншіден, сыйлықты кім қайтарып алмақшы?

Жириновскийдікі баяғыдан белгілі. Оны тоқпен емдеу қажет. Алайда… ол да көмектеспейтін шығар. Уақыты да өтіп кетті.

Былтыр бізге не уәде беріп еді деп Желіге кірдім. Былай депті:

– Салықшылар қолма қол ақша айырысу бақылауын күшейтеді!

– Шағын бизнес тексерістен “демалады”!

– Қазақстандықтарға салық кешбэк уәде етіледі!

– Табысы төмен азаматтарға несие беруге тыйым салынды!

— Бензинге акциздер өседі деп күтілуде…

Девальвацияны ешкім күтпегені есімде. Бәрі тыныш еді, ал таңертең халықтың жартысы жиған-тергенінен айырылды. Мұны иттің қабуы десек. Бензинге акциздер деген не, тәйірі?..

Жарайды. Биыл не деп сайрайтынын көрейік. Алайда, сенімім таусылды. Сенетін де адамдар қалмады. Президент бар екен ғой… Ол не істей алады? Өзі жалғыз.

Жалғыз емес екен ғой…

Жалпы биылғы жыл жаңа ештеңемен таңғалдырмады. Былай қарасақ, 29 жылдың жартысы кібісе жыл болған. Сондықтан қорқатын ештеңе жоқ. Бұдан да зорғысын көргенбіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз