Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі де әрдайым көңілді жүретіндердің қатарынан екен. Тіпті ас әзірлеп жатқанында да билеп қалуға тырысқан Мөлдір жұртты сүйсіндірді.
Видеоны Instagram желісіне Тұрсынбек Қабатовтың қызы салды. Көтеріңкі көңіл күймен ас әзірлеген Мөлдірге желі оқырмандары мақтауларын жеткізіп жатыр.
“Күшті, көріп бір көңілім көтеріліп қалды, керемет жансыз, аман болыңыз, балаларыңыз да аман болсын”, “Тұрсынбек аға екеуіңіздің іштеріңіз пыспайтыны көрініп тұр. Өзіңіз де әзілге жақын сияқтысыз ғой”, “Керемет Мөлдір, өте жарасымды, қылықты қыз”, “Әдемілеп күліп алдым-ай”, “Көңіл-күй осындай болуы керек”, “Супер келіншек”, “Осындай көңіл-күймен істелген тамақ қалай дәмді болмайды”, – деп жазды пікір қалдырушылар.