Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Түрмеде шірисің”. Балқашта көршісінің итін өлтірген жігіт қашуға мәжбүр

144

ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы – „Жануарларға қатыгездік жасаудан„ бөлек, иттің иесі айыпталушыны тағы да төрт бап бойынша жауапқа тартуды сұрап отыр.

«Көршім Қайрат маған және итіме тап беру арқылы тағы да төрт бапта, атап айтқанда, 293 – „Бұзақылық„, 24-99 – „Жағдайларға байланысты соңына дейін жеткізілмеген қылмыс, яғни адам өлтіруге оқталу„, 115 – „Қорқыту„ және 202 – „Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру„ баптарында қарастырылған қылмысты жасады», – дейді Екатерина.

Әйел үй жануары жеке адамның иелігі болғандықтан, өзінің итін мүлікке теңеп отыр. Яғни, оның пайымдауынша, күдікті бұл әрекеті үшін қоғам алдында жауапкершілікке тартылуы керек.

«Нанукиім долы ит емес еді. Ал көршіміз оны жек көретін.

Бұл жағдай орын алмас бұрын менің үйіме қонаққа достарым мен балаларым келіп еді. Бұдан кейін ол маған балаларымның шуылдағанына қарай мазасы кеткенін айтып шағымданды. Үй панельді болғандықтан, дауыс көршілерге естіледі. Бірақ, шу үшін өлтіруге бару, бұл дұрыс емес», – дейді иттің иесі.

Екатеринаның айтуынша, көршісі қамауға алынбаған.

«Учаскелік инспектор оны тауып алып, жауап алу мүмкін болмай отырғандықтан, бұлтартпау шарасы әлі қолданылмағанын айтты. Ол үйіне де келмейді. Көршілеріміздің айтуынша, анасы бір ауылда жасырып отырған көрінеді», – дейді әйел.

Бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған ит 10 сағаттан кейін ветеринарлық клиникада жан тапсырды. Ер адам Нанукидің мойыны мен бүйірінен 3 рет пышақ сұққан. Бір соққы өкпеге тиген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз