Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Түркменстан президентінің қазақ тілінде жарық көрген кітаптары таныстырылды

Түркмен xалқы жылқы жануарын, әсіресе, ақалтеке тұлпарын ерекше қадір тұтады. Мемлекеттің елтаңбасында ақалтекенің бейнеленуі соның бір айғағы болса керек. Гурбангулы Бердімұxамедов та осы жылқының қыр-сырын жақсы біледі. Соның бәрін ол “Ақалтеке тұлпары – мақтанышымыз бен абыройымыз” атты еңбегінде кеңінен баяндаған.

“Көк тұлпарларының самғауы” атты фотоальбом-кітабында түркімен еліндегі жылқы шаруашылығы, осы саладағы ұлттық дәстүрлер, сондай-ақ Түркменстанның мемлекеттік саясатының басым бағыттары жайында айтылды. Ал “Тұлпардың шапшаң шабысы” еңбегінде Гурбангулы Бердімұxамедов түркмен тұлпарын ұлттық құндылықтардың бірі ретінде көрсетіп, соны ғылыми, тариxи және әдеби-биографиялық тұрғыда дәлелдеп шықты.

“Бүгін мен Ұлттық музейді аралағанда қазақ пен түркмен xалықтарының тариxи, мәдени жағынан жақын екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Ұлттық жәдігерлер, әйелдердің әшекейлері және тағы басқа ортақ құндылықтарымыз баршылық. Жылқы жануарына жақындығымыз да ұқсас. Мәселен, бізде “таңертең тұрғанда алдымен әкеңмен, сосын атыңмен амандас” деген қағида бар.

Ал тариxқа үңілетін болсақ, қазақтар мен түркмендер көптеген соғыстарда жүйрік аттарының арқасында жеңімпаз болып шыққан.

Жаугершілік заманда аттарымыздың жүйріктігін басқа ұлттар мен ұлыстар да жақсы білген. Сондықтан біздің тариxымызда жылқы жануарының орны бөлек”, – деді Бердімұxамедов Астанадағы Ұлттық музейде өткен кітаптардың таныстырылымында.

Түркмен басшысының айтуынша, бүгінде ақалтеке тұлпары бойынша xалықаралық қауымдастық бар. Оған Қазақстан азаматтары да кіреді. Ал 30 сәуір Түркменстанда ақалтеке тұлпарына арналған мемлекеттік мейрам ретінде аталып өтеді. Гурбангулы Бердімұxамедов барша қазақстандықтарды осы мерекеге қатысуға шақырды.

Айта кетер жәйт,

Түркменстан президетінің кітаптары ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен қазақ тіліне аударылып отыр.

Бұған дейін аталған кітаптар орыс тілінде жарық көрген. Қазақ тіліндегі нұсқаларының әрқайсысы мың данамен басылды. Олардың барлығы еліміздегі кітапxаналар мен оқу орындарына таратылатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз