Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Түркияда қонақ үй қызметкерлері жасөспірім қыздарды зорлап, мазақ еткен

Басылымның хабарлауынша, жастар алғаш рет шетелге демалуға аттанған. Алайда үш күннен соң демалыстарының күл-талқаны шығыпты. Қыздардың бірі қонақ үй қызметшісінен жапа шексе, екіншісін тура жағажайда зорлаған.

Жас туристер әкімшілікке болған жайды айтқанда, олар қыздардың бетіне күле қараған. Қонақ үйдің басқа қызметшілері де тура сондай қылық танытыпты. Олар британдық жас қыздарға қол ұшын созып, полиция шақырудың орнына қыздардың өзін кінәлаған. Қонақ үй әкімшілігінің сөзінше, қыздар алкогольді ішімдікке тойып алып, осындай тосын жағдайларға өздері іздеп жүріп тап болған.

Түрік полициясы да қыздардың шағымына мән бермей отыр. Қыздардың ата-анасы бұл жанжалды оқиғаны “жантүршігерлік жайт” деп сипаттады.

Ендігі кезекте қыздар Ұлыбританияның Түркиядағы елшілігінен көмек сұрап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз