Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ыстамбұлда қауіпсіздік шарасы күшейтілді.
Ішкі істер министрлігінің шешімімен 31 желтоқсан күні қаланың тыныштығын күзетуге 37 мың полицей мен 117 әскери техника жұмылдырылатын болды деп хабарлады Би-би-си.
Тәртіп сақшылары ойын-сауық орталықтары, халық көп шоғырланатын орындар мен әуежай, метро, теміржол мен сапаржай сынды стратегиялық маңызды нысандарды жіті қадағалайды. Сондай-ақ биыл Таксим мен Бешикташ алаңдарында жаңажылдық мереке тойланбайды.