Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Түркияда қалып қоя жаздаған сәбиді ата-анасының өздері тастап кеткен

Жат жерде жарық дүниеге келген Полина екі жарым ай дегенде енді туған жеріне қайтып барады. Анасы оны Жерорта теңізі жағалауында демалып жүргенде мерзімінен бұрып босанып қойған. Онда да перзентханада емес, жанармай құю бекетінің әжетханасында. Түрік дәрігерлері әзер дегенде аман алып қалған нәрестені отандық ақ халаттылар бүгін күндіз санавиациямен аман-есен елге жеткізді.

“Баланың жағдайы әлі де ауыр. Салмағы аз болып туылғандықтан, тыныс алуы қиынға соғып жатыр. Бұдан артық әзірге еш нәрсе айта алмаймыз. Баланың денсаулығын әлі де тексеру керек. Қолдан келген қажетті емді жасаймыз”, деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы директорының орынбасары Константин Хаиров.

Васильевтер отбасы перзентхана ақысын төлей алмағандықтан баланы сонда тастап кетуге мәжбүр болғанын айтқан еді. Содан жас отбасыға жаны ашыған жомарт жан оларға бірден жиырма мың доллар ұстата салған болатын. Бірақ ол қаржы да жеткілікті болмай қалды.

Сөйтсе, сәбиге 9 мың доллар тұратын ота жасалған екен. Ол қаржыны Стамбұлда демалып жүрген қазақтың қалталы азаматы сөзге келместен төлеп берді. Сонда ғана барып, қыздың елге қайтуы мүмкін болды. Бірақ, сорақысы сол, жаппай жұрттан көмек сұрап жүрген жерлестеріміз о баста жаға ұстатарлық әрекетке барған екен.

“Васильева Дарья мен Васильев Иван жаңа туылған нәрестелерін емдеуден бас тартатыны туралы қолхат жазып, ауруханаға тастап кетіп қалған. Ол сәби жайлы біз сол клиникадан білдік. Ондағылар біздің Түркиядағы консулға қоңырау шалып, хабарлаған. Содан баланың жағдайына араласып, тез арада шешім табуға тырыстық. Одан қалды, елге оралған бойда сәбидің шетінеп кеткені туралы консулдықтан анықтама сұратқан”,дейді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров

Бірақ бұл үшін ерлі-зайыптылар жауапқа тартылады ма, жоқ па ол жағы белгісіз. Десе де, жұбайлардың жол кіресін төлеп берген Сыртқы істер министрлігі енді мұндай жеңілдіктің жасалмайтынын айтып ескертті.

 

Дерек көз: Ктк.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз