Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Түркістанға дұға етіп келген жас қызды зорлап кетті (видео)

1578

Сұмдық жағдай 4-ші қыркүйек күні сағат он екілер шамасында болған. Белгісіз азамат Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында бойжеткеннің ұялы телефонын жұлып алып, қашып кеткен. Осы кезде бойжеткен ұрының артынан ұзақ жүгіріпті. Ақыры шаршаған соң, артқа қайтар жолда телефонын алып қашқан жігіт жас қызды сайға қарай сүйреп, арам ойын іске асырған.

https://kaz.365info.kz/anshi-apasyn-khyshakhtagan-toregali-kopshilikke-zhakhpaj-khaldy-video-330351

 

“Мен телефонмен сөйлесіп келе жатқам. Осы кезде біреу телефонымды жұлып әкетті. Ұрының артынан жүгіріп шаршап кеттім. Кейін артқа қарай жүріп бара жатқан кезімде, ұры жігіт мені сайға қарай сүйреп кетті. Сол жерде ұрып-соғып, шешіндіріп тастады”, -деп жылап жіберді зорлық көрген бойжеткен.

https://kaz.365info.kz/kyjeuim-khandyrmajdy-ne-istesem-eken-bir-kelinshektin-zhan-syry-330393

Бет аузы қанға боялған қызды көрген куәгерлер бірден жедәл жәрдем шақыртқан. Ауруханаға жеткізілген жәбірленушіге дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, бет-аузын тігіп берді. Оқиға орнына келген полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тапа тал түсте мешіттің алдында жас қызға зорлық көрсеткен азамат іздестірілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз